1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жастайынан көріп келген қыспағы Жайлы айтып берсін Исраил халқы:
2«Жастайымнан мол көрдім қыспақты, Алайда мені мүлдем жеңе алмады,
3Жон арқамда айдағандай соқаны Ұзынынан созылған атызы қалды.
4Бірақ Жаратқан Ие әділетті, Сұмдар салған кісеннен азат етті».
5Сионды [1] жек көрген дұшпандарының Бәрі ұятқа қалып кері қайтсын,
6Өспей жатып бірден қурап қалатын Үй төбесіндегі шөпке [2] олар ұқсасын:
7Орақшының қолы соған талмайды, Бау байлаушының құшағы да толмайды.
8«Жаратқан Ие сендерді жарылқасын, Бата береміз Жаратқанның атымен» Деп қастарынан өткендер тілемесін!