1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды, Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды, Әрі ешқайсысы да жақсылық жасамайды.
2Жаратқан Ие көктен көз салады адамзатқа: «Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?» Деп байқайды Ол.
3Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға, Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
3Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.
4Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен? Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен, Жаратқанға сиыну ойларына еш түспеген.
5Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады, Өйткені Құдай әділ ұрпаққа жар болады.
6«Әй, зұлымдар, күлесіңдер жарлының ниетіне, Бірақ қолдап-қорғайды оны Жаратқан Ие!»
7Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге! Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде, [1]Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады, Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады!