1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін, Паңдана қарамайды көздерім менің, Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын, Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын, [1]
2Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта. Бейқам жүр сәби анасының қасында, [2] Сол нәресте сықылды өз жаным да Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.
3О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!