1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) «Уа, Жаратқанның бар қызметшілері, Иемізді дәріптей беріңдер! Сендер Құдайдың киелі үйінде Түн кезінде қызмет көрсетесіңдер:
2Киелі орнына қарай қол жайып [1]Иемізді мадақтай беріңдер!»
3«Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз саған Лайым төксін батасын Сиондағы орнынан!»