Забур жырлары 150:1-6 KZB2010 - Bible AI

1Мадақтаңдар Құдайды киелі - xk Mrk 1.24 үйінде, Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де! [1]

2Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін, Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен!

3Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің, Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!

4Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен, [2] Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!

5Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен, [3] Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!

6Жаны барлар [4] түгелдей мадақтасын Иемізді! Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
v>