24«Ей, Жаратқанды терең қастерлейтіндер, Оны әрдайым мадақтай беріңдер! Ей, Жақыптың бүкіл үрім-бұтағы, Жаратқанды ұдайы дәріптеңдер, Иә, Исраилдің бар ұрпақтары, Иемізді құрметтей беріңдер!
25Жарлының азабынан Ол жиренген жоқ, Құдай бет-жүзін одан жасырған жоқ, Қайта, құлақ салды шақырған даусына».
26Сені мадақтаймын үлкен жиында, Уәдемді орындап халқыңның алдында, [7]
28Жер шетіндегілер де мұны ескереді, Жаратқан Иеге бет бұрып дұға етеді, Бар ұлттардың әулеттері бас иеді,
29Себебі билік Жаратқанның қолында, Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да!
30Жердің бар байлары тойына қатыспақ, Жаратқанның аяғына жығылып сиынбақ, О дүниеге аттанатын жандар — Өмірі өткінші бүкіл адамдар Оның алдында тізерлеп иілмек. [8]
31Келер ұрпақтар Оған қызмет етпек, Барлығы Иеміз туралы естімек, [9]
32Содан Оның әділдігін дәріптеп, Жаңа туған халыққа да паш етпек. Себебі Құдай мұны бітірді Өзі істеп.