Забур жырлары 22:1-6 KZB2010 - Bible AI

1(Дәуіттің жыры.) Жаратқан Ием — менің Бағушым, Мен еш нәрседен де тарықпаймын.

2Ол мені жасыл жайлауға жаяды, Тұнық суға жетелеп апарады.

3Ием жаныма күш дарытады. Есімі «Қасиетті» деп аталады, Содан артамын Оған сенімімді: Ол мені тура жолмен жетелейді.

4Қап-қараңғы шатқалда [1] жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.

5Сен маған дастарқан жаясың Көз алдында дұшпандарымның, Мені құрметпен қарсы аласың, Тостағанды толтыра құясың. [2]

6Жақсылық пен мейірімділік Үлесім болады өмірлік, Жаратқан Иенің үйінде Мен қала беремін мәңгілік.

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
>