Забур жырлары 25:1-12 KZB2010 - Bible AI

1(Дәуіттің жыры.) Төрелік айтып мені ақташы Өзің, Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін, Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.

2Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр, Жүрегім мен ой-санамды сынап көр. [1]

3Өйткені көз алдымда мейірімің, Сенің Ақиқат жолыңмен жүріп келемін,

4Өтірікшілермен бірге отырмаймын, Зымияндармен де бірге жүрмеймін.

5Арамзалар жиынын еш жаратпаймын, Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.

6Қол жуып адалдығымды білдіремін, [2] Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,

7Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін, Керемет істеріңді паш етемін. [3]

8Сен тұратын қасиетті үйіңді, Ұлылығың мекендейтін орынды [4] Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.

9Күнәкарлармен бірге жанымды алма, Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.

10Арам қылықтары қолдарын былғайды, Пара алып, беруден олар бас тартпайды. [5]

11Бірақ мен кінәратсыз таза жүремін, Құтқаршы мені рақымыңмен Өзіңнің.

12Тегіс жерде табан басып нық тұрамын, Жиындарда Жаратқанға мақтау айтамын.

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
v>