1(Дәуіттің жыры.) Ей, мықтылар, [1] Жаратқанды дәріптеңдер, Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,
2Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер, Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер! [2]
3Жаратқанның даусы сулардың үстінде, Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде, Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде. [3]
4Жаратқанның даусы тым құдіретті, Жаратқанның даусы асқан айбатты.
5Оның даусы самырсынды сындырады, Ливанның самырсындарын құлатады,
6Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді, Хермон тауын [4] жас бұқадай сілкінтеді.
7Жаратқанның даусы от-жалын шашады,
8Оның даусы иен даланы шайқалтады, Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.
9Жаратқанның даусы емендерді сілкілейді, [5] Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді.
9 Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады.
10Жаратқан топан су үстінде тақта отырады, Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.
11Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады, Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.