1(Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне [1] арналған.)
2Уа, Ием, жауларым сонша көбейді, Көп адам маған қарсы көтерілді.
3Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні» Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.
4Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің, Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.
5Жаратқанға дауыстап жалынам, Ол жауап береді киелі тауынан. [2]
6Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам, Содан оянып, тұрамын қайтадан, Себебі мені қорғайды Жаратқан.
7Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.
8Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы, О, Құдайым, мені құтқарсаңшы! Сен жағынан ұрып күллі жауларымды, Күшінен айырасың сол зұлымдарды. [3]
9Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің, Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің.