6Бір қарыстан ұзақ емес өмірім, Қас қағым сәт — ғұмыр жасым Сен үшін.
6Рас, алған деміндей әлсіз [2] — пенде өмірі!
7Адамдар өмірден елестей өтеді, Мал-мүлік мол жинап бекер күйбеңдейді, Себебі соның кімге тиерін білмейді.
8Ал қазір, уа, Ием, нені тосамын? Тек Өзіңе үмітімді артамын.
9Заңсыз істерімнен мені арылта гөр, Зердесіздің қорлауынан сақтай гөр.
10Мен ауызымды ашып, еш үндемеймін, Өйткені осыны жасаған Сен Өзіңсің.
11Бұйырған азапты ала гөр менен, Қолыңның соққысынан әлсіредім мен.
12Күнәсі үшін жазаласаң пендені, Күйе жеп қойғандай таусылар көрігі, Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі!
13Мінажатыма, уа, Ием, құлақ түрші, Көмекке шақырған даусымды естіші, Менің көз жасымды елемей жүрмеші, Себебі барлық ата-бабама ұқсаймын, Жат жерлік кірме болып Өзіңмен тұрамын.
14Маған қарап тұрмашы ашуменен, Қайтадан көңілді болайын мен, Ғайып болмас бұрын кетіп бұл өмірден.