1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)
2Уа, Құдай, Өзіңнің зор құдіретіңмен Ежелде бабалардың заманында істеген Керемет істерің жайлы құлағымызбен Көп естігенбіз әкелерімізден.
3Қыңыр ұлттарды Сен елден қуып шықтың, Ал бабаларымызды орнықтырдың. Сол тайпаларды Сен езіп тастадың, Ал бабаларымызды азат қылдың. [1]
4Бабалар елді семсерімен басып алған жоқ, Әрі білек күштерімен жеңіп шықкан жоқ, [2]Мұны істеген — Сенің ұлы құдіретің, Һәм бет-жүзіңнің нұры: Сен рақым көрсеттің.
5Сен менің Патшам әрі Құдайымсың, Жақыптың халқына құтқарылу сыйлайсың, [3]