Забур жырлары 52:1-7 KZB2010 - Bible AI

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ауыртпалық шегу» әуенімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры.)

2Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды, Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды, Әрі ешқайсысы да жақсылық жасамайды.

3Құдай көктен көз салады адамзатқа: «Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?» Деп байқайды Ол.

4Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға, Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.

4Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.

5Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен? Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен, Құдайға сиыну ойларына еш түспеген.

6Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады, Қауіп-қатер жоқ жерде үрейлері ұшады. Тап берген жауыңның сүйектерін Құдай шашады, Сен масқаралайсың Құдай бас тартқан оларды.

7Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге! Құдай өз халқын тұтқыннан азат еткенде [1] Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады, Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады!

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
>