17Ал мен Құдайды көмекке шақырамын, Сонда мені құтқарады Жаратқаным.
18Ертеңгісін, тал түсте және кешқұрым Құдайыма дауыстап жалбарынамын, Оның құлағына шалынады дауысым.
19Маған қарсы шығып, шайқасқан көп жаудан Құдай жанымды сақтап алады аман.
20Ежелден Құдай тағында отырып келеді, Мені естіп, жауды Өзіне бас игізеді. Олар іс-әрекеттерін өзгертпей келді, Құдайдан қорқып, Оны қастерлемей жүрді.
21Дұшпаным [1] жасасқан келісімінен бас тартты, Өзімен тату тұрғандарға қарсы шықты,
22Сарымайдан да жұмсақ айтқан сөздері, Бірақ қастандыққа толы оның жүрегі, Иісмайдан да жағымды айтқандары, Шынымен жалаң семсердей астарлары.
23Жаратқан Иеге арт бар уайымыңды, Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды, Мәңгілік құлатпайды әділ жанды.
24Алайда, уа, Құдайым, сол сұмдарды Тастайсың Сен тұңғиық шыңырауға, Қанішер жауыздардың жандары Құриды жетпей-ақ жасының жартысына. Ал мен болсам сенемін Жаратушыма.