1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Алыстағы үнсіз көгершін» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол філістірлердің Дәуітті Ғат қаласында ұстап алған кезіне [1] арналған.)
2Уа, Құдай, бола гөр маған мейірімді, Адамдар ұмтылады таптауға мені, Күні бойы қыспақтап, тап береді.
3Жауларым күнде қудалап өкшелейді, Менмендер маған қарсы бас көтереді.
4Қорыққанда Саған артам сенімімді.
5Құдайға сеніп енді қорықпаймын, Берген сөзі үшін Оны мадақтаймын, Сонда пенде не жасай алады маған?
6Күнде жаулар сөздерімді бұрмалайды, Әрдайым маған қарсы қастық ойлайды,
7Жасырынып бір жерге жиналады, Бар қадамдарымды бақылап тұрады, Аңдып жанымды алуға ұмтылады.