Забур жырлары 62:1-12 KZB2010 - Bible AI

1(Дәуіттің жыры. Оның Яһуда еліндегі иен далада жүрген кезі [1] туралы.)

2Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.

3Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім, [2] Құдірет пен ұлылығыңды байқадым.

4Өмірден де артық берік — мейірімің, Ауызым Өзіңді мадақтай берсін,

5Өмір бойы бір Сені мадақтаймын, Атыңды атап қолымды жаямын.

6Өйткені жіліктің майлы басынан Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын, Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.

7Төсекке жатып Сені еске аламын, Түні бойы Сен жайлы ойланамын.

8Өйткені Өзің менің қолдаушымсың, «Қанатыңның аясында» шаттанамын.

9Жаным тығыз байланыста Сенімен, Мені демейсің құдіретті қолыңмен.

10Ал көзімді құртпақшы арамзалар Тозақтың түбіне түсетін болар,

11Семсердің күшімен олар қырылар, Өліктері шибөріге жем болар.

12Уа, Құдай, патша Өзіңе шаттанады, Саған бағышталғандар мақтау айтады, Ал өтірікші ауыздар жабылады.

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
v>