12Адамдарды басымызға шығардың, Оттан да, судан да бізді өткіздің, Ал ақыры молшылыққа жеткіздің.
13[13-14] Қасірет кезінде аузымнан шыққан, Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан, Саған берген сертімді іске асырамын, Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын.
15Саған арнап семіз малдарды шаламын, Қошқар майын өртеп, жұпарын шығарамын, Бұқалар мен ешкілерді де ұсынамын.
16Ей, Құдайымызды қастерлейтіндер, Барлығың келіп, құлақ түріңдер. Оның маған істегенін сендерге айтамын.
17Мен Құдайға дауыстап сиындым, Аузымменен Оның даңқын шығардым.
18Жүректе бар күнәмнан бас тартпасам, [2]Дұғама құлақ салмас еді Жаратқан.