1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын жыр әрі ән.)
2Я, Құдай, рақымды болып, жарылқай гөр, Бет-жүзіңнің нұрын бізге түсіре гөр.
5Рулар қуана-қуана ән шырқай берсін, Себебі Сен ұлттарды әділдікпен билейсің, Жер бетіндегі руларға дұрыс бағыт сілтейсің.
6Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін, Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!
7Сонда жердің топырағы бізге өнімін сыйлар, Һәм Құдай, сиынған Құдайымыз, бізді жарылқар.
8Лайым Құдай бізді жарылқай берсін, Бар жердегі адамдар Оны қастерлесін!