1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің әні әрі жыры.)
2Құдай көтеріліп, жауларын шашыратсын, Оны жек көретіндер алдынан қашсын.
3Түтіннің желмен ыдырайтыны сияқты, Уа, Құдайым, жауларыңды ыдыратшы, Балауыздың отқа еритіні іспетті, Зұлымдарды алдыңнан құртып жіберші.
4Бірақ әділдер болса, шаттана ән-салсын, Құдай алдында күліп мәз-мейрам болсын.
5Біздің Құдайымызға ән айтыңдар, Оның есімін дәріптеп жырлаңдар, Бұлттармен жүретін Оны мадақтаңдар, [1]Жаратқан Ие — Оның аты, біліп алыңдар, Көз алдында шат-шадыман болыңдар.
6Құдай әке болады жетімдерге, Қорғаушы болады жесірлерге, Тағында отыр Ол киелі мекенінде,
28Кенже Бунямин руы бастап келеді, Яһуда басшыларының тобы ереді, Забулон, Нафталим басшылары да жүреді.
29Уа, Құдай, күш-қуатыңды жинашы, Бұрын көрсеткен құдіретіңді танытшы,
30Иерусалимдегі ғибадатханаңа бола Патшалар Саған сый-тарту әкеледі сонда.
31Жау халықтарды сөгіп жуасытшы: Перғауын — қамыстағы хайуан сияқты, [9]Ал бұзаудай күшсіз ұлттар арасындағы Бұқалар табынындай — оның әміршілері, Олар күмістен салық талап етеді. [10]Соғысқұмар ұлттарды тарқатып жіберші!
32Мысырдан жіберілген мырзалар келеді, Құш елі [11] де қол созып Құдайға көнеді.
33Жердегі патшалықтар, Құдайға ән салыңдар, Иемізді мадақтап ән-жыр айтыңдар,
34Дәріптеп ежелден аспанда жүрген Иемізді, Тыңда, зор даусымен Ол күркірейді.
35Хабарлаңдар Құдайдағы құдіретті! Исраилдің үстінде Оның салтанаты, Әрі бұлттардан жоғары күш-қуаты.