2Құтқара гөр, уа, Құдайым менің, «Тасыған су» жетті мойныма дейін,
3«Батпаққа» терең батып бара жатырмын, Аяқ басып тұрар жер таба алмаймын, Судың тереңіне батқан адамдаймын, Ағызып барады мені қатты ағын.
4Жалбарына айқайлап қалжырадым, Құрғап, кеуіп қалды менің тамағым, Құдайымды күтіп талды қос жанарым. [1]
5Басымдағы шашымнан көп дұшпандарым, Себепсіз мені жек көреді жауларым, Сұмдықпен мені қудалап келеді, Алмаған нәрсемді талап етеді.
6Уа, Құдай, Саған аян ақымақ қылығым, Сенен таса емес жасаған күнәларым.
7Өзіңе сенімдерін артқан жандарды Маған бола ұятқа қалдырмашы, О, Әлемнің Иесі, Жаратушы, Саған бет бұрып дұға еткен жандарды Енді маған бола масқаралатпашы, Уа, Исраилдің сиынатын Құдайы!
8Сен үшін мазаққа төзіп келем, Масқарам көрініп тұр бет-жүзімнен.
9Туған бауырларым да мені танымайды, Шешемнің ұлдары маған жат деп қарайды.
11Ораза ұстап, жылаған уақытымда Олар мені келекелеп қорлауда.
12Қайғыланып азалы киім кигенімде Олар мені мазақтап келемеждеуде.
13Алаңда ақсақалдар [2] мені өсектейді, Сыра ішкендер сықақтап әндетеді.
14Ал мен Саған, уа, Жаратқан, Өзіңнің мейірім Көрсететін кезіңде [3] сиынып келем, Құлақ сала көрші маған, уа, Құдайым, Шынында құтқаршы зор рақымыңмен.
15«Батпақтан» мені тартып шығара көрші, «Тұңғиыққа» батуыма жол бермеші, Жек көретін дұшпандардан құтқаршы, «Терең сулардан» Мені тартып шығаршы.
16Жол берме тасқынның ағызып әкетуіне, Терең судың мені жұтып жіберуіне, Ажал шыңырауының жалмап қоюына.
17Уа, Жаратқан Ие, дұғама құлақ түрші, Берік мейірімің Сенің сондай игі, Мол рақымыңа сай маған көңіл бөлші.
18Мендей пендеңнен бетіңді жасырмашы, Қасірет шегудемін, тез жауап берші.
19Жақындап келіп, жанымды құтқаршы, Жауларыма бола босата көрші.
20Сен білесің қандай қорлық көргенімді, Ұятқа қалып, жапа шеккенімді, Көріп алдың бар дұшпандарымды.