17Уа, Құдай, жастайымнан мені үйретесің, Әлі де ғажаптарыңды паш етемін.
18Қартайып басымды қырау шалғанда, О, Құдайым, мені жалғыз қалдырма, Қайта, құдіретіңді жаңа ұрпаққа, Керемет істеріңді келер буындарға Жол бере көрші маған уағыздауға.
19Әділдігің Сенің заңғар аспандай, Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай, Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай?
20Көп ауыр азаптар жібердің маған, Қалпына келтіресің бірақ қайтадан Жанымды менің, шығарып тұңғиықтан.
21Құрмет сыйлап жұбата гөр жаңадан.
22Сонда Сені жетігенмен мадақтаймын, Сен уәдеңе беріксің, уа, Құдайым, Исраил сиынатын Киелі Тәңірім, Саған домбыра тартып әнімді арнаймын,
23Шаттанып Саған жырымды бағыштаймын, Өйткені Сен мені құтқардың апаттан.
24Иә, күн сайын әділдігің жайлы айтам: Маған қастық ойлағандар ұятқа батқан!