50Лаулаған қаһарына Тәңір жол берді, Ажалдан жаудың жандарын сақтамады, Оларды обаның індетіне табыстады.
51Мысырдың тұңғыштарының құртты көздерін, Хамның [15] үйлеріндегі мықты өскіндерін.
52Ал Құдай өз халқын алып шықты қойлардай, Иен далада бастап жүрді отардай,
53Оларды аман-есен жетеледі, Сонда халық ешқандай үрейленбеді, Бірақ жауларын теңіз жалмап жіберді.
54Құдай халқын әкелді киелі еліне, Құдіретпен иемденген таулы өлкесіне,
55Алдарынан ұлттарды шығарды қуып, Олардың жерлерін мұраға берді бөліп, Үйлерін де Исраил руларына мекендетіп.
56Бірақ олар әлі де Құдайды сынады, Бас көтеріп, Хақ Тағалаға бағынбады, Оның берген жарлықтарын сақтамады, Бабаларының қылықтарын қайталады,
57Құдайдан бас тартып опасыздық жасады, Кеуіп қалған садақтай сенімсіз болды.
58Биіктеу жерлерде тәңірсымақтарға арнап Ғибадат ететін орындарын салып, [16]Құдайдың ашу-ызасын туғызды, Жалған тәңір мүсіндерін тұрғызды, Құдайдың зор қызғанышын тудырды. [17]
59Мұны естіп Құдайдың қаһары тұтанды, Ол Исраилден жиреніп мүлдем бас тартты,
60Содан тастап кетті Шилодағы тұрағын, Адамдар арасындағы киелі шатырын.
61Ол тіпті өз құдіретін паш еткен сандығын [18]Халқының жауларының қолына түсірді, Иә, Өзінің ұлылығының осы белгісін Сол дұшпандарының қолдарына тапсырды!
62Құдай меншікті халқына қаһарланды, Семсер жүзіне оларды табыстады,
63Халықтың жас жігіттерін өрт жалмады, Қыздарына той әндері айтылмады,
64Діни қызметкерлері семсерден құрыды, Жесірлері жоқтау да айта алмады.
65Соңында Иеміз тұрды ұйқыдан оянғандай, Ішіп алып қызбаланған балуандай,
66Жауларына соққы беріп, кері тойтарды, Оларды шексіз масқараға қалдырды.