6Ашуыңды төксеңші соның орнына Өзіңді мойындамайтын бөтен ұлттарға, Саған [2] сиынбайтын патшалықтарға.
7Олар Жақыптың ұрпақтарын [3] жалмады, Мекен-тұрағын қиратып, бос қалдырды.
8Бізге аталарымыздың күнәларын артпашы, Қайта, өз рақымыңды бізге тезірек жолдашы, Өйткені әлсіреп түңілдік аса қатты.
9Құтқарушы Құдайымыз, бізді қолдай гөр, Атыңның даңқына бола азат ете гөр, Есіміңе бола бар күнәмізді кешіре гөр.
10Бізді Өзіңе бағынбаған халықтардың «Құдайы қайда екен бұлардың?» Деген мазағына неге қалдырасың? Олар Сенің қызметшілеріңнің қанын төкті, Әділ жаза тартқандарын бізге көрсетші.
11Тұтқындардың күңіренісіне құлақ салшы, Ұлы құдіретіңмен әрекет жасашы, Өлімге кесілгендерді аман сақташы.
12Көршілерімізге, уа, Ием, өз атыңды Қорлағандарын жеті еселеп қайтаршы.
13Бағып жүрген халқың әрі «отарыңбыз», [4]Сондықтан Өзіңді мәңгі мадақтаймыз, Күллі ұрпаққа ұлылығыңды даңқтаймыз.