3Ән-жырлар айта бастап, даңғыраны соғыңдар, Домбыра, жетігенмен әсем әуен тартыңдар!
4Жаңа ай туғанда кернейде ойнаңдар, Ай толғанда да тойымызды жариялаңдар. [1]
5Өйткені бұл — Исраил халқының міндеті, Жақып сиынған Құдайдың берген ережесі.
6Жаратқан Иеміз Мысырға қарсы шыққанда, Осыны бұйырды [2] Жүсіптің ұрпағына, Біз бөтен тілді естіген уақытта. [3]
7(Жаратқан былай деп білдірді бұйрығын:) «Иықтарыңнан ауыр жүкті алып тастадым, Қолдарыңды көтерген себеттен босаттым. [4]
8Қиын кезде айқайлап сиындыңдар Маған, Сонда сендерді азат етіп алдым аман. Күннің күркірінен сендерге құлақ салғам, Меріба сулары маңында сендерді сынағам. [5]
10Ешқандай да бөгде тәңірлерің болмасын, Құлшылық етпеңдер жат тәңірлерге ешқашан!
11Мен Жаратқан Ие — бірден-бір Тәңірлеріңмін, Мысыр елінен алып шыққан Иелеріңмін. Ал енді, ауыздарыңды ашыңдар айқара, Мен оларды толтырамын жақсылыққа.
12Бірақ таңдаған халқым Мені тыңдамады, Исраилдің ұрпағы Маған бағынбады,
13Сондықтан Мен қасарысқан жүректеріне Жол бердім өз беттерімен жүрулеріне.