Забур жырлары 81:1-8 KZB2010 - Bible AI

1(Асафтың жыры.) Құдай үлкен мәжілісін басқарады, Сонда Ол билерге [1] үкім шығарады:

2«Қашанғы әділетсіз үкім айтпақсыңдар, Зұлымдарға оң қабақ танытпақсыңдар?

3Жарлы мен жетімнің мүддесін қорғаңдар, Бейшара кедейге әділдік жасаңдар!

4Шарасыз бен мұқтажды құтқарыңдар, Зұлымның шеңгелінен оны босатыңдар!»

5Ештеңе ұқпастан, ештеңе білместен, Қанаушылары түнекте жүріп келген, Содан елдің бар негізі дірілдеген!

6Былай деген едім: «Сендер құдайсыңдар, [2] Бәрің Хақ Тағаланың рухани ұлысыңдар,

7Дегенмен жай пендедей құрисыңдар, Әрі әміршідей қаза табасыңдар».

8Уа, Құдай, көтеріліп, жерді сотташы, Сен иемденесің ғой бар халықтарды!

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
>