11Сол байырғылар Ендорда талқандалды, Төгілген қи-қоқыстай жерге тапталды.
12Істеші жаулардың әміршілеріне Ежелде істегеніңдей Ориб пен Зипке, Істеші олардың бар көсемдеріне, Өзің істегеніңдей Салман мен Зебейге, [5]Өйткені жау былай деді біз жөнінде:
13«Құдайдың мекендерін иемденейік, Жайылымдарын қолға түсірейік!»
14Зұлымдарды етші құйын соққан тозаңдай, О, Құдайым, жел ұшырған сабандай
15Әрі от жалмап қойған ормандай, Жалын күйреткен қырат басындай.