2Өзіңнің тұрағың жер бетіндегі Қандай сүйкімді, уа, Әлемнің Иесі!
3Жан дүнием Жаратқанның киелі үйіндегі Аулаларына баруды аңсап, әлсірейді, Мәңгі тірі Құдайға жан-тәнім әндетеді.
4Тіпті торғай да қонатын жерін тауып алды, Қарлығаш балапандарын басуға ұя салды: Маңайында Сенің құрбандық үстелдеріңнің, Уа, Әлемнің Иесі, Патшам, Құдайым менің!
5Киелі үйіңде тұратындар сондай бақытты, Әрқашан да олар Саған мақтау айтады!
6Сенің күшіңе кенеле берген, ой-ниеті Өзіңе бағытталған [1] жандар қандай бақытты!
7Жылау аңғарымен [2] жүріп су көздерін ашады, Содан күзгі жаңбыр жауғандай жер жарылқанады.
8Олар жол жүргенде күш-қуаты өсе береді, Ақыры Сионда Құдайдың алдына келеді.
10Уа, Құдай, біздің қорғаушымыз, көңіл бөле гөр, [3]Таңдап алған патшаңа көз қырыңды сала гөр.
11Бір-ақ күн болғаным киелі үйіңнің ауласында Мың күннен жақсы өткізген өзге орында. Мен қақпасында тұруды [4] Құдайымның үйінде Артық көрем жайлы өмірден сұмдардың үйінде.
12Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды, Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды, Ол тура жолменен жүретін адамдарды Сыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды.
13Уа, әлемнің құдіретті Иесі — Жаратқан, Қандай бақытты Өзіңе сенім артқан жан!