Забур жырлары 86:1-7 KZB2010 - Bible AI

1(Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.)

2Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда, Сионның қақпалары ұнамдырақ Жаратқанға Жақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.

3Уа, Құдайдың қаласы, сен жайында Керемет жақсы жайттар айтылуда.

4Өзімді танып білетіндер арасынан Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын, Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын: «Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын. [1]

5Жұрт былай демек Сион қаласы жайында: «Осындай да осындай ер туған мұнда, Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».

6Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды: «Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады.

7Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде: «Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
>