2Уа, Ием, атам заманнан бері [1] Өзің Баспанамыз біздің болып келесің.
3Жаратылмай-ақ жер мен бүкіл әлем, Таулар жаратылмас бұрын бар боп келген, Мәңгі тірі болатын Құдайсың Сен!
4«Қайт, адам баласы!» деп қана айтсаң, Пендені топыраққа айналдырасың. [2]
5Ал бір мыңжылдық Сенің көз алдыңда Өте шыққан күн тәрізді қып-қысқа, Иә, түнгі күзеттей шектеулі ғана.
6Сен лезде-ақ алып кетесің пендені, Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді, Яки далада өскен шөп тәрізді: Таң ата шықса да көгеріп, Кешке қарай қурап қалады семіп.
7Осылай біз жоқ боламыз ашуыңнан, Зәреміз ұшады Сенің қаһарыңнан.
8Сен күнәларымызды қойдың алдыңа, Нұрыңда айқын құпияларымыз да.
9Өмір бойы бізге қаһарың төнеді, Жылдарымыз күрсінумен бітеді. [3]
10Ғұмырымыз жетпіс жасқа созылар, Күш-қуат жетсе, мүмкін, сексен болар, Жақсы кезде де шегеміз бейнет-азап, Ақыры ғайып боламыз, ғұмыр зырлап.
11Қаһарыңның күшін кім түсінеді? Соған сай қастерлеу қажет Өзіңді.
12Үйрете гөр ғұмырды есептеуді, Содан иемденейік дана жүректі.