Забур жырлары 99:1-5 KZB2010 - Bible AI

1(Халық Құдайға шүкірлік еткенде [1] айтылатын жыр.) Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап,

2Иемізге қызмет етіңдер шаттанып, Келіңдер алдына қуана әндетіп,

3Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп: Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз, Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз».

4Құдайдың ғибадатханасына барып, Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп, Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп, [2] Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!

5Себебі Жаратқан Ие мейірімді, Ол мәңгілік шапағатын тигізеді. Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізге Шексіз сенімділігін көрсете береді.

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
>