1Бұл — Мұса пайғамбардың бүкіл Исраил халқына Иордан өзенінің шығыс жағындағы иен далада айтқан сөздері. Халық сол кезде Суфқа
2Хориб (яғни Синай) тауынан
3Ал енді Мұса Жаратқан Иенің исраилдіктерге айт деп бұйырған мына сөздерін (олар Мысыр елінен көшіп шыққаннан кейінгі) қырқыншы жылы, он бірінші айдың бірінші күні жеткізді.
4Бұл Мұсаның аморлықтардың Хешебонда орналасқан Сихон патшасын,
5Енді халық Иорданның шығыс жағындағы Моаб еліне тоқтаған кезде Мұса оларға мына тәлімін
6— Құдай Иеміз Хориб тауында бізге былай деген болатын:
7Енді қостарыңды жинап, жолға шығыңдар. Аморлықтардың таулы жеріне және барлық көршілес елдеріне барып кіріңдер: Иордан алқабына, таулы аймаққа, батыстағы төменгі қыраттарға, оңтүстіктегі Негев даласына және теңіздің
8Мынаны біліп алыңдар: Мен сендерге осы елді табыстап отырмын. Оған кіріп, оны иемденіп алыңдар! Мен, Жаратқан Ие, оны түп аталарың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа және олардың ұрпақтарына беруге уәде еткенмін».
9Сол кезде мен сендерге
10Өз Құдайларың Жаратқан Ие сендерді молынан көбейтіп, қазір аспандағы жұлдыздардай сансыз көп болып кеттіңдер.
11Енді ата-бабаларымыз да сиынған Құдай Жаратқан Ие өздеріңді тағы да мың есе көбейтіп, Өзі уәде еткендей жарылқай көрсін.
12Бірақ мен жалғыз өзім қалай сендердің қиын мәселелерің мен дау-жанжалдарыңның жүгін көтермекпін?
13Өз руларыңның арасынан ақылды, парасатты әрі беделді бірсыпыра адамды алып келіңдер. Оларды өздеріңе басшы етіп тағайындайын!»
14Сендер: «Сіз істеуге бұйырған осы іс дұрыс», — деп жауап бердіңдер.
15Сонда мен руларыңның басшыларын — ақылды да беделді адамдарды руларыңа мыңбасы, жүзбасы, елубасы, онбасы және басқарушыларың етіп тағайындадым.
16Сол уақытта осы тағайындалған билеріңе мына тапсырмаларды бердім: «Исраилдіктер арасында және болашақта исраилдіктермен бірге елде тұратын жат жұрттықтар арасында пайда болып отыратын дауларды тыңдап, әділ шешім шығарыңдар!
17Үкім шығарғанда ешкімнің бет-жүзіне қарамай, үлкенді-кішілі бәріне бірдей құлақ түріп, сот жүргізіңдер! Ешкімнен қаймықпаңдар, себебі үкім шығаруды сендерге Құдайдың Өзі бұйырған. Егер сендерге бір мәселе тым қиын болса, оны менің алдыма әкеліңдер, сонда оған назар аударамын».
18Сол кезде мен өздерің орындауға тиісті істеріңнің бәрі туралы нұсқау бергенмін.
19Содан соң біз Жаратқан Иенің берген бұйрығы бойынша Хориб тауынан шығып, өздерің көрген ұлан-ғайыр да үрейлі иен дала арқылы аморлықтардың таулы жеріне қарай бет алдық. Осылай жүре отырып Қадеш-Барниге жеттік.
20Мен сендерге тағы былай дегенмін: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге табыстамақ аморлықтардың таулы жеріне жеттіңдер.
21Біліп алыңдар: Құдайларың Жаратқан Ие сендерге осы елді ұсынып отыр. Ол, ата-бабаларыңның да Құдай Иесі, өздеріңе уәде еткеніне сәйкес, енді сол елге өрлеп барып, оны иемденіп алыңдар. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болмаңдар!»
22Сонда сендердің барлығың маған келіп: «Алдымыздан барлаушылар жіберейік. Олар елді барлап, жүретін жолдарымыз бен кезігетін қалаларымыз туралы мағлұмат алып келсін», — дедіңдер.
23Мен бұл ұсыныстарыңды құп көріп, араларыңнан әр рудан бір-бірден, барлығы он екі адамды таңдап алдым.
24Олар жолға шығып, таулы жерге көтерілді. Ешқол аңғарына жеткенде, оны барлап шолып шықты.
25Сол елдің жемістерінен біразын алып, қайта оралғанда: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге жақсы ел табыстап отыр!» — деген хабарды жеткізді.
26Алайда сендер
27Сонда қостарыңда наразылық білдіріп: «Жаратқан Ие бізді жек көргендіктен аморлықтардың қолына түсіріп, құрту үшін Мысыр елінен алып шықты!
28Енді қайда барсақ екен? Барлап келген бауырларымыз әкелген мағлұматтарымен зәремізді ұшырды. Сол елдің халқы бізден мықты да бойшаң, қалалары үлкен, қамалдары аспанмен таласқандай биік екен! Анақтың алып ұрпақтарын да сонда көріпті!» — дедіңдер.
29Сонда Мен сендерге былай дедім: «Олардан үрейленіп қорықпаңдар!
30Алдарыңда жүріп, сендерді жетелейтін — өз Құдайларың Жаратқан Ие ғой! Ол Мысыр елінде көз алдарыңда сендер үшін қалай шайқасқан болса, қазір де солай шайқасатын болады.
31Әкесінің ұлын көтеріп алып жүргені сияқты, Құдай Иеміздің де сендерді иен далада жүрген жолдарыңның барлығында қамқорлап келгенін өздерің көрдіңдер. Сендерді осы жерге бастап алып келген де Сол».
32Алайда сендер Құдай Иеміздің істегендеріне қарамастан Оған сенім артпадыңдар!
33Ал Ол сапарларыңның кезінде түнде жайнаған отпен, күндіз бағана тәрізді бұлтпен алдарыңда жүріп, тұрақтайтын жерлерің мен жүретін жолдарыңды нұсқап отырды.
34Сендердің наразылық білдірген дауыстарыңды естігенде Жаратқан Ие қаһарланып, былай деп ант етті:
35«Мен ата-бабаларыңа беруге ант еткен шұрайлы елді осы зұлым ұрпақтың ешбір адамы көрмейді!
36Тек Ефунне ұлы Халеп қана сол елді көреді. Оның аяқ басқан жерін өзіне және кейінгі ұрпақтарына табыстаймын. Себебі ол Маған, Жаратқан Иеге, толығымен мойынсұнды».
37Кейінірек Жаратқан Ие сендерге бола маған да ашуланып:
38Ал көмекшің Нұн ұлы Ешуа сол елге кіреді. Оны жігерлендіріп отыр, оның басшылығымен исраилдіктер елді иемденетін болады.
39Сендер жауға олжа болады деген балаларың
40Ал сендер артқа бұрылып, Қамысты теңізге
41Бірақ сендер былай деп жауап бердіңдер:
42Ал Жаратқан Ие маған былай деді:
43Мен сендерге мұны жеткізгенмен, еш тыңдамадыңдар. Жаратқан Иенің берген бұйрығына қарсы шығып, менмендікпен таулы жерге өрлеп бардыңдар.
44Сонда сол тауларды мекендеген аморлықтар алдарыңнан шыға келді де, араның үйіріндей арттарыңнан қуа отырып, сендерді Сейір тауынан төмендеп, Хормаға жеткенге дейінгі бүкіл жолдың бойында талқандап қырып тастады.
45Содан сендер қайтып келіп, Жаратқан Иенің алдында жыладыңдар. Бірақ Ол жалыныштарыңды тыңдап, құлағын түрген жоқ.
46Осылайша Қадештің маңында ұзақ уақытқа тұрып қалдыңдар.