1Егер біреудің
2Егер иесі өзіңнен алыс тұрса немесе малдың кімдікі екенін білмесең, оны үйіңе алып кел. Иесі іздеп келгенше жоғалған мал үйіңде тұра тұрсын. Ал іздеп келгенде қайтар.
3Біреудің жоғалған есегін, жамылғысын не кез келген басқа дүниесін тауып алғанда да, осылай істе. Оған немқұрайды қараушы болма!
4Сондай-ақ, біреудің есегінің не өгізінің жол бойында құлап жатқанын көргенде оған немқұрайды қарама. Иесіне құлап жатқан малын тұрғызуға қол ұшыңды бер.
5Әйел еркекке тән не еркек әйелге тән киім киюші болмасын. Құдай Иеңе осылай істейтін адам жиренішті.
6Егер жолшыбай бір құстың не ағаш басындағы, не жердегі ұясына тап болсаң, ал ұяда анасы жұмыртқа басып немесе балапандарының қасында отырса, онда анасын балапандарымен қоса алма.
7Балапандарын алсаң да, анасын алып кетпе! Солай етсең, игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың.
8Жаңа үй салғанда, жалпақ төбесін айналдыра жақтау жаса. Сонда үйіңнің төбесінен ешкім құлап, оның қаны сенің үй ішіңе жүктелмейді.
9Жүзімдігіңе өзге тұқым түрін сеппе. Әйтпесе сол тұқымнан шыққан өнім де, жүзімдіктің жемісі де арам болып, оларды пайдалануыңа болмайды.
10Бір соқаға өгіз бен есекті қатар жегіп жер жыртпа.
11Жүн мен зығырдың талшықтарынан тоқып жасалған матадан тігілген киім киме.
12Киетін киімдеріңнің төрт бұрышына шашақ жасап қой.
13Егер біреу әйел алып, жақындасқаннан кейін оны ұнатпай қалса
14және ол туралы: «Мен мына әйелге үйленген едім, жақындасқанда ол пәк қыз болмай шықты» деген жаман сөз тарататын болса,
15онда қыздың әке-шешесі қыздарының пәктігін дәлелдейтін нәрсені қаланың ақсақалдарына алып келулері керек.
16Қыздың әкесі оларға былай десін:
17Енді оны даттап: «Қызыңыз пәк емес екен!» деп жүр. Ал қызымның пәктігінің дәлелі міне! — деп, оларға жайманы көрсетсін.
18Сонда қала ақсақалдары оның күйеуін ұстатып, жазаласын.
19Оған жүз мысқал
20Ал егер күйеуінің айтқаны дұрыс болып шығып, қалыңдықтың пәктігінің дәлелі табылмаса,
21онда оны әкесінің үйіне, оның есігінің алдына алып келсін. Сол қаланың ер адамдары оны таспен атқылап өлтірсін. Себебі ол әкесінің үйінде жүріп-ақ жеңіл жүріске салынып, Исраил елінде масқара іс жасады. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар!
22Егер бір ер адам күйеуі бар әйелмен жатқан жерінен ұсталса, онда еркек пен әйелдің екеуі де өлтірілулері керек. Зұлымдықты Исраилден осылайша аластатыңдар!
23Егер біреу елді мекеннің ішінде басқа біреуге айттырылған қызбен ұшырасып, онымен жақындасса,
24онда олардың екеуін қала қақпасына алып барып, таспен атқылап өлтіріңдер. Қызды — елді мекеннің ішінде көмекке келетін адамдар болса да, айқайлап көмекке шақырмағаны үшін, еркекті — басқа біреудің қалыңдығының абыройын төккені үшін өлтіріңдер. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар!
25Ал егер еркек айттырылған қызды далада кездестіріп, оны ұстап алып зорласа, онда тек зорлаған адам ғана өлімге кесілуі керек.
26Қыздың өзіне ештеңе істемеңдер, ол өлімге лайық күнә жасаған жоқ. Бұл жағдайды біреудің басқа адамға бас салып, өлтіруімен салыстыруға болады,
27себебі еркек қызды ашық далада ұстап алды ғой. Айттырылған қыз қанша айқайласа да, елсіз далада оған көмекке келетін ешкім болмады.
28Ал егер еркек ешкімге айттырылмаған қызды кездестіріп, оны ұстап алып зорласа және бұл жағдай ашылып қалса,
29онда еркек қыздың әкесіне елу мысқал
30Ер адамға әкесінің әйеліне үйленуге болмайды. Бұл әкесінің абыройын ашқанымен бірдей.