1Сонымен сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ асып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған күллі өсиеттерін сақтап орындайтын болсаңдар, Ол сендерді жер бетіндегі барлық халықтардан жоғары қояды.
2Иә, Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарын тыңдайтын болсаңдар, мына жарылқаулардың барлығы сендерге қонып, сендердікі болады:
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20Сендер Өзінен бас тартып, зұлымдық жасағандықтан кенеттен құрып, жоқ болып кеткенше Жаратқан Ие сендердің қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді қарғысқа, абыржу мен табыссыздыққа ұшыратады.
21Сендер қазір кіріп, иемденгелі тұрған елден құрып кеткенше Жаратқан Ие сендерге індет жұқтырады.
22Жаратқан Ие сендерге өкпе ауруын жібереді, содан денелеріңнің ыстығы көтеріліп, қабына ауырасыңдар. Сонымен қатар, Ол сендерге аптап ыстық пен қуаңшылық жолдап,
23Төбелеріңдегі аспан қолаға айналғандай, жаңбыр жаумайды, ал астарыңдағы жер темірдей қатайып, кеуіп қалады.
24Сендер жоқ болып құрып кеткенше Жаратқан Ие жерлеріңе аспаннан жаңбыр емес, шаң-тозаң жаудыратын болады.
25Жаратқан Ие сендерді жауларыңа жеңілдіреді. Оларға қарсы бір жолмен аттансаңдар, жеті жолмен кері қашатын боласыңдар. Жер бетіндегі барлық патшалықтар үшін қорқынышты көрініске айналасыңдар.
26Сендердің мәйіттерің аспандағы жыртқыш құстар мен жердегі аңдарға жем болады, оларды үркітіп жіберетін ешкім болмайды.
27Жаратқан Ие сендерге мысырлық шиқандарды:
28Сонымен қатар Жаратқан Ие сендерді ақыл-естеріңнен айырып,
29Соқырдың қараңғыда сипалағанындай, сендер тал түсте сипаланып қаласыңдар. Не істесеңдер де, істерің оңға баспайды. Ұдайы зорлық-зомбылық көріп, тоналасыңдар. Ал өздеріңді құтқаратын ешкім де болмайды.
30Құда түсіріп, айттырып қойған қалыңдықтарыңды бөтен біреулер алып, олармен жақындасады. Салған үйлеріңде өздерің тұра алмайсыңдар, отырғызған жүзімдіктеріңнің жемісін ешқашан жемейсіңдер.
31Жауларың мүйізді ірі қараларыңды көз алдарыңда сойып алып, сендерге бір түйір ет те татқызбайды. Есектеріңді айдап әкетіп, қайтарып бермейді, қой-ешкілерің де жауларыңның қолына беріледі. Ал оларды құтқарып, қайтарып беретін ешкім де болмайды.
32Ұл-қыздарың бөтен халыққа құлдыққа түсіп, қарсы тұруға әлдерің жетпейді. Қайтып келе ме деп, күн сайын қарай-қарай көздерің талады.
33Сендер бұрын білмеген жат жұрттық халық жерлеріңнің өнімін жеп, еткен еңбектеріңнің пайдасын көреді. Сендер өмір бойы қаналып, жәбір көретін боласыңдар.
34Осының бәрін өз көздеріңмен көргенде ақыл-естеріңнен айырыласыңдар.
35Жаратқан Ие тізелерің мен сандарыңа жаман алапес жұқтырып, ол басыңнан аяғыңа дейін тұла бойларыңа қаптап кетіп, содан сауыға алмайсыңдар.
36Жаратқан Ие өздеріңді де, билік жүргізуге өздерің таңдап алған патшаны да не сендер, не ата-бабаларың бұрын білмеген халықтың арасына айдатып жібереді. Сол жерде жалған тәңірлердің ағаштан, тастан жасалған мүсіндеріне құлшылық ететін боласыңдар.
37Жаратқан Ие сендерді бөтен халықтардың арасына айдатып жібергенде, олардың бәрі кешкен азаптарыңды көріп, шошынады. Сендерді мазаққа айналдырып, келекелейтін болады.
38Егістіктеріңе мол тұқым сепсеңдер де, шегіртке жайпап кететіндіктен өнімдерің аз болмақ.
39Жүзімдіктер отырғызып, өңдеп баптасаңдар да, құрт жалмап қоймайтындықтан олардан жиналатын жүзім болмай, шырынын іше алмайсыңдар.
40Бүкіл елдеріңде зәйтүн ағаштары өсіп тұрса да, жемісінің бәрі мерзімінен бұрын түсіп қалатындықтан, қолданатын зәйтүн майларың болмайды.
41Ұл-қыздарың туып-өскенмен, олар тұтқынға түскендіктен қастарыңда тұрмайды.
42Құжынап ұшып келген шегірткелер ағаштарыңды да, егістіктеріңнің өнімін де жалмап кетеді.
43Араларыңда тұратын жат жұрттықтардың жағдайы жоғарылап, сендер төмендей бересіңдер.
44Олар сендерге қарыз бере алып, өздерің оларға ешқандай қарыз бере алмайсыңдар. Олар көштің басы, сендер аяғы боласыңдар.
45Сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамағандарыңа бола осы қарғыстардың бәрі бастарыңа түсіп, арттарыңнан қалмай қояды. Олар сендерді түбінде құртпай тынбайды.
46Осы апаттар сендерге және кейінгі ұрпақтарыңа Жаратқан Иенің қарғысы тигенінің белгісі болады.
47Өйткені сендер бар игіліктерге кенелген кездеріңде Құдайларың Жаратқан Иеге шат жүрекпен мойынсұнып, қуана қызмет етіп жүрмедіңдер.
48Сондықтан енді арып-ашып, шөлдеп, жалаңаш жүріп, қай нәрсеге де тарығып, Жаратқан Ие сендерге қарсы аттандырған жауларыңа қызмет ететін боласыңдар. Ол сендерді құртып жібергенше мойындарыңа құлдықтың «темір қамытын»
49Жаратқан Ие сендерге қарсы алыстан, тіпті жердің шетінен бір халықты төменге шүйілген бүркіттей аттандырып келтіреді. Сол халық сендер түсінбейтін бөтен тілде сөйлеп,
50айбарлы болып көрінеді. Олар кәріге құрмет, кішіге мейірім көрсетпейді.
51Сол халық сендерді құртып болғанша малдарыңның төлдерін, егістіктеріңнің өнімін жеп қояды да, астықтарыңды, жүзім шырындарың мен зәйтүн майларыңды, бұзауларың мен тоқтыларыңды түгел сендерден тартып ала береді. Осылайша сендер ойран боласыңдар.
52Дұшпандарың елдегі барлық қалаларыңды қоршап алып, олардағы сендер сенім артқан зәулім қамалдарыңды қиратады. Сонда жау Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстаған еліндегі барлық қалаларыңды қоршап алып, сендерді қыспақтайтын болады.
53Жауларың қалаларыңды қоршап, қыспаққа алғанда сендер шексіз азап шеккендіктен, тіпті өздеріңнің туған балаларыңды, иә, Құдайларың Жаратқан Ие сендерге сыйлаған ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар!
54Араларыңдағы ең нәзік жанды, сезімтал деген адамның өзі де енді бауырынан, отасқан әйелінен, тірі қалған балаларынан қызғанып,
55олардың ешқайсысына да өзі жеп отырған баласының етінен бір түйір де бермейді. Себебі жау барлық қалаларыңды жан-жақтан қоршап, бастарыңа ауыр азап тудырғандықтан одан басқа жейтін еш нәрселерің болмайды.
56Араларыңдағы ең нәзік жанды, сезімтал, талғампаздығы мен ақсаусақтығы сондай, аяғын жерге тигізбей жүріп келген әйел енді отасқан сүйікті күйеуінен, туған ұл-қызынан қызғанып,
57жаңа туған нәрестесі мен баланың жолдасын кейін жеу үшін тығып қояды. Себебі жау барлық қалаларыңды жан-жақтан қоршап, бастарыңа ауыр азап тудырғандықтан одан басқа жейтін еш нәрселерің болмайды.
58Сонымен, егер сендер осы кітапта жазылған Таурат заңының барлық ережелерін сақтап орындамасаңдар, әрі Құдай Иелеріңнің ұлы да айбынды атына мойынсұнып, Оны құрметтемесеңдер,
59онда Жаратқан Ие сендерді және кейінгі ұрпақтарыңды сұрапыл азаптарға ұшыратып, ұзаққа созылатын ауыр індеттерді, қорқынышты да созылмалы ауру-сырқауларды жібереді.
60Осылай Ол сендер Мысырда жүргенде қатты қорқатын індеттердің
61Бұларға қоса, Жаратқан Ие осы Таурат заңы кітабында айтылмаған басқа да көптеген ауру-сырқаулар мен індеттерді сендер әбден құрып біткенше жіберіп отырады.
62Бір кезде сендердің сандарың аспандағы жұлдыздай көп болғанмен, сендерден азғана адамдарың тірі қалатын болады, себебі Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспадыңдар.
63Бұрын Жаратқан Ие сендерге жақсылық жасауды, сандарыңды көбейтуді қалай ұнатқан болса, енді Ол сендерді құртып, жоқ қылуды да солай ұнататын болады. Осылай сендер қазір кіріп, иемденгелі тұрған елдеріңнен түпкілікті аластатыласыңдар.
64Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар.
65Сендерге сол халықтардың арасында да тыныштық болмайды. Аяқтарың дамыл таппай ел кезетін боласыңдар. Жаратқан Ие сендерге дірілдеп үрейленген жүрек, көз жасын төгіп, көруден қалған көз және үміті үзіліп торыққан көңіл береді.
66Өмірлерің қыл үстінде тұрып, күні-түні елегізіп қорқатын боласыңдар, амандықтарыңа сенімдерің болмайды.
67Айналаларыңда болып жатқан нәрселерді көріп, жүректеріңді қорқыныш жайлап, таңертең: «Тезірек кеш батса екен!», ал кеште: «Тезірек таң атса екен!» деп тілейтін боласыңдар.
68Мен сендерге: «Енді бұдан былай бұл жолды ешқашан да қайтып көрмейсіңдер!» деген едім,