1Дарийдің (парсы патшалығына билік жүргізген) екінші жылының сегізінші айында
2— Мен, Жаратқан Ие, сендердің ата-бабаларыңа қатты ашуланған едім.
3Сондықтан халыққа былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер! Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. —
4Ата-бабаларың сияқты болмаңдар! Ежелгі пайғамбарлар оларға былай деп дауыстап ескертетін: «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Зұлым жолдарыңнан қайтып, сұмдық істеріңді тастаңдар!» Алайда ата-бабаларың Маған құлақ салып, тыңдаудан бас тартты, — деп сақтандырады Жаратқан Ие. —
5Сол ата-бабаларың қазір қайда екен? Ежелгі пайғамбарлар да мәңгі өмір сүрген жоқ.
6Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады.
7Персияға Дарий патшалық құрған екінші жылының он бірінші, яғни шебат, айының
8Түнде мен жирен атқа мінген бір адамды көрдім. Ол аңғардағы жасыл бұталардың
9Сонда мен:
10Сонда жасыл бұталардың арасында тұрған салт атты:
11Салт аттылар Жаратқан Иенің жасыл бұталардың арасында тұрған періштесіне:
12Осыдан кейін Жаратқан Иенің періштесі: «Уа, Әлемнің Иесі, осы өткен жетпіс жыл бойы Сен Иерусалимге және Яһуда елінің басқа қалаларына қаһарланып келдің.
13Сонда Жаратқан Ие менімен сөйлесіп тұрған періштеге мейірімді де жұбанышты сөздермен жауап қатты.
14Әлгі періште маған бұрылып, былай деді:
15Ал бейқам тұрып жатқан сол елдерге қатты ашулымын. Себебі Мен халқыма едәуір ашуланған кезде олар оған тым көп зорлық-зомбылық жасады.
16Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен Иерусалимге мейірімімді төгу үшін қайтып келе жатырмын. Осы қалада Менің киелі үйім қайтадан салынып, құрылысшылар өлшеуіш жіптерін тартатын болады». — Әлемнің Иесі осыны уәде етеді.
17Тағы былай деп те жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Менің қалаларым қайтадан ағыл-тегіл дәулетке кенеледі. Мен, Жаратқан Ие, тағы да Сионды жұбатып, Иерусалимді Өзімнің қалам деп таңдап аламын».
18Мұнан кейін мен жоғары қарағанда, көз алдымда тұрған төрт мүйізді көрдім.
19Өзіммен сөйлескен періштеден:
20Содан соң Жаратқан Ие маған төрт ұстаны көрсетті.
21Мен: