1Менімен сөйлескен періште қайтып келіп, мені оятқандай сілкіп қалды.
2Ол менен: — Бір алтын шам қойғышты көріп тұрмын. Оның төбесінде майға арналған тостағаны және жеті май шамы әрі соларға байланған жеті түтікшесі бар. [1]
2— Не көріп тұрсың? — деп сұрады. Мен жауап беріп былай дедім:
3Сондай-ақ, майға арналған тостағанның оң және сол жақтарында тұрған екі зәйтүн ағашын көріп тұрмын.
4Мен өзіммен сөйлескен періштеден: — Мырзам, бұлар не екен? — деп сұрадым.
5Ол маған: — Жоқ, білмеймін, мырзам, — дедім.
5— Бұлардың не екенін сен білмейтін бе едің? — деген сауал қойды. Мен оған:
6Ол маған былай деп түсіндірді:
6— Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —
7Мына заңғар тау не өзі? Зоробабелдің алдында заңғар тау іспетті зор қиыншылықтар жазықтай тегіс болады. Зоробабел ғимараттың соңғы тасын [2] орнатқанда халық: «Нендей мейірім! Не деген рақым!» деп дауыстап мадақтайтын болады.
8Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап:
9«Осы киелі үйдің іргетасын Зоробабелдің өзі қалаған еді, оны бітіретін де өзі болады, — деді. — Осылайша Әлемнің Иесінің мені өздеріңе жібергенін анық білетін боласыңдар.
10Ұсақ-түйек істер істеліп үлгерілген күнді кім менсінбейді? [3] Болашақта адамдар Зоробабелдің қолына тіктегішін алып, құрылысқа кіріскенін көрген кезде қуанатын болады. Ал әлгі жеті май шамы бүкіл жер бетіне көз салып бәрін де көріп тұратын Жаратқан Иенің «көздерін» білдіреді». [4]
11Мұнан кейін мен періштеден: — Шам қойғыштың оң және сол жақтарындағы екі зәйтүн ағашы нені білдіреді? — деп сұрап,
12тағы да мына сауалды қойдым: — Алтын түсті зәйтүн майын шам қойғышқа қарай ағызатын екі алтын түтікшенің жанында екі зәйтүн бұтағы бар. Олар нені білдіреді? —
13Періште менен: — Жоқ, білмеймін, мырзам! — деп жауап бердім.
13— Бұлардың не екендігін сен шынымен білмейсің бе? — деп сұрады. Мен:
14Сонда ол маған:
14— Құдай осы екеуін [5] Өзіне, бүкіл жер бетінің Иесіне, қызмет етуге май жағу рәсімінен [6] өткізіп тағайындап қойған, — деді.