1Мен қайтадан жоғары қарап, екі таудың арасындағы шатқалдан шығып келе жатқан төрт күймені көрдім. Сол екі тау қола тау екен.
2Бірінші күймеге жирен, екіншісіне қара,
3үшіншісіне ақбоз, төртіншісіне ала аттар жегіліпті. Аттардың бәрі де мықты екен.
4Сонда мен өзіммен сөйлескен періштеден:
5Періште маған:
6Қара аттар жегілген күйме солтүстік жаққа қарай, ақбоз аттар жегілген күйме олардың артынан,
7Сол мықты аттар алға шығып, жер бетін шолып қайтуға асыға жұлқынды. Сондықтан ол: «Барыңдар, жерді шолып қайтыңдар!» — деп бұйырды. Осыны естісімен олар жерді шарлауға аттанды.
8Сонда Жаратқан Ие маған дауыстап:
9Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
10— Бабылға жер аударылудан қайта оралған Хелдай, Тобиях және Едаях есімді адамдардан алып келген сый-тартуларын қабылдап, сол күні Софония ұлы Жосияның үйіне бар!
11Осы күміс пен алтыннан алып, тәж жасатып, оны бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаның басына кигіз.
12Оған былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мынау — «Өскін»
13Иә, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын Сол болады! Ол салтанатқа бөленіп, өз тағында отырып билік құрмақ. Ешуа діни қызметкер ретінде патшалық таққа отырған соң, екі лауазымның арасында ынтымақ орнайды.
14Ал тәж Хелдай,
15Алыста тұратын халықтар келіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын салуға көмектесетін болады.