1Жаратқан Ие Малахи арқылы Исраилге сөзін арнап мына хабарды жеткізді:
2— Мен сендерді сүйіп келемін, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Бірақ сендер: «Сен бізді қалайша сүйіп келесің?!» деп сұрайсыңдар. — Жаратқан Ие: — Есау Жақыптың туған ағасы емес пе еді? Бірақ Мен Жақыпты сүйіп таңдап алдым,
3ал Есауды таңдамадым.
4Едом:
5Сендер бұны өз көздеріңмен көріп, «Жаратқан Ие Исраилдің шекараларынан тыс жерлерде де даңқтаулы!» дейтін боласыңдар.
6— Ұл әкесін сыйлайды, қызметші қожайынын құрметтейді. Егер Мен көктегі Әкелерің болсам, Мені сыйлайтындарың қайда? Егер Қожайындарың болсам, Маған көрсеткен құрметтерің қайда? — деп сұрайды Әлемнің Иесі. — Алайда сендер, уа, діни қызметкерлер, Менің есімімді менсінбей жүресіңдер! Бірақ та сендер: «Біз қалайша Сенің есіміңді менсінбей жүр екенбіз?» деп сұрайсыңдар.
7Сендер Маған бағышталған құрбандық үстелінде арам құрбандықтар ұсындыңдар! Сөйте тұра: «Біз Сені қалайша қорлаппыз?» деп сұрайсыңдар.
8Құрбандыққа шалуға соқыр малды әкелесіңдер, бұл сұмдық емес пе?! Ақсақ не ауру мал әкелсеңдер, бұл да сұмдық емес пе?!
9Енді Құдайға: «Бізге рақымды бола гөр!» деп жалбарынып көріңдер! Бірақ сендердің алып келген осындай құрбандықтарың үшін Ол сендерге оң көзімен қарар ма екен?! — деп сұрайды Әлемнің Иесі.
10— Одан да сендердің біреуің ғибадатхананың қақпаларын бекітіп қойсаңдар игі болар еді! Сонда сендер құрбандық үстелінде бекерге от жақпас едіңдер! Мен сендерге риза емеспін, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Мен сендердің қолдарыңнан ешқандай сый-тартуды қабылдамаймын.
11Күннің шығысынан батысына дейін халықтар арасында Менің есімім зор даңққа бөленеді. Барлық жерлерде де Маған арналып хош иісті заттар түтетіліп, адал сый-тартулар ұсынылады.
12Алайда сендер Менің есімімді қорлайсыңдар! Өйткені Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне
13Сондай-ақ: «Қандай ауыр жүк!» деп, оны менсінбей мұрындарыңды шүйіре иіскейсіңдер, — дейді Әлемнің Иесі. — Сендер ұрлап алынған, жараланған, ақсақ не ауру малды әкеліп, оны Маған арнап құрбандыққа шалғандарыңда, неліктен Менің сондай сый-тартуды қолдарыңнан қабылдауым қажет? — деп сұрайды Жаратқан Ие.
14Өзінің отарында құрбандыққа ұсынуға лайықты мінсіз еркек тоқтысы болып, соны Тәңір Иеге бағыштап шалуға уәде бере тұра, кейін Оған кемістігі бар басқа малды ұсынған өтірікшіні қарғыс атады!