1Осылай Иса мен шәкірттері Иерусалимге таяп, Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания ауылдарына
2оларға мынадай тапсырма берді:
3
4Екі шәкірт барғанда көше бойындағы бір үйдің қақпасына байлаулы тұрған жас есекті тауып, шылбырын шешті.
5Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері: «Тайқарды шешіп не істемексіңдер?» — деп сұрады.
6Екі шәкірт Исаның айтқанындай жауап берді. Содан әлгілер оларға кедергі жасамай, жайларына жіберді.
7Екі шәкірт жас есекті Исаға алып келіп, үстіне шапандарын жапқаннан кейін, Иса оған мінді.
8(Иерусалимге бара жатқан) көптеген адамдар
9Осылай Исаның алды-артынан еріп жүргендер қатты дауыспен былай деп айқай салды:
10«Арғы тегіміз Дәуіттің қайта орнайтын патшалығы жарылқанған!»
11Осылай Иса Иерусалимге кірді де, ғибадатханаға барып, оны айнала қарап шықты.
12Келесі күні олар Бетаниядан шыққанда, Исаның қарны ашты.
13Алысырақтан жапырақ жайған інжір ағашын көрген Ол жемісінің бар-жоғын байқау үшін қасына барды. Бірақ ағаштан жапырақтан өзге ештеңе таппады. Жеміс беретін маусымы әлі болмаған еді.
14Сонда Иса:
15Сонымен олар Иерусалимге жетті. Иса ғибадатхана алаңына кіріп, ондағы сатушылар мен алушыларды қуып шығара бастады: шетелдік ақшаны (зекет беру үшін жергілікті теңгелерге) айырбастаушылардың үстелдері мен (құрбандыққа шалынатын) көгершіндерді сатушылардың орындықтарын аударып тастады, әрі
16жүк көтергендердің ғибадатхана ауласымен өтулеріне де тыйым салды.
17Оларға:
18Мұны дін мұғалімдері мен басты діни қызметкерлер де естіп, Исаның көзін құртудың жолын іздеді. Себебі жұрттың бәрі Оның тәліміне қатты қайран қалғандықтан, олар Исадан қорқып жүрді.
19Кеш түсе Иса шәкірттерін ертіп қаладан шығып кетті.
20Ертеңіне інжір ағашының жанынан өткенде, олар сол ағаштың тамырына дейін қурап қалғанын көрді.
21Осы оқиға есіне түскен Петір Исаға:
22Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді:
23
24
25
26
27Осылай олар тағы да Иерусалимге келді. Иса ғибадатхананың ішінде жүргенде, бірқатар басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар Оның қасына келіп:
28— Бұл істерді қандай билікпен істеп жүрсіз?
29Исаның жауабы мынау болды:
30
31Олар өзара пікірлесіп былай десті: «Егер «көктің еркімен» десек, Ол: «Ендеше Жақияның уағызына неге сенбедіңіздер?» дейтін болар.
32Ал «адамның еркімен» десек...» — Олар бұлай деуге халықтан қорықты, себебі бүкіл жұрт Жақияны шынайы пайғамбар деп санайтын.
33Сондықтан олар Исаға: