1Таң атысымен-ақ басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері, яғни бүкіл Жоғарғы кеңес, ақылдасып, шешім қабылдады. Олар Исаны байлатып, римдік әмірші Пилатқа
2Пилат Исаға:
3Басты діни қызметкерлер Исаға көптеген айып тақты.
4Пилат Оған тағы сауал қойып:
5Бірақ Иса бұған да еш жауап қайтармады, сондықтан Пилат қайран қалды.
6Әмірші әдетте мейрамның құрметіне яһудилер сұраған бір тұтқынды оларға босатып беретін.
7Сол тұста Барабба есімді біреу өзінің сыбайлас көтерілісшілерімен бірге түрмеде отырған еді. Олар бүлік кезінде кісі өлтірген болатын.
8Енді халық алға қарай ұмтылып, Пилаттан әдеттегідей бір тұтқынды босатуын дауыстап сұрай бастады.
9Пилат оларға жауап беріп:
10Ол басты діни қызметкерлердің Исаны күншілдіктен ұстап бергендігін жақсы түсінді.
11Бірақ басты діни қызметкерлер халық тобырын әміршіден: «Оның орнына Бараббаны босатып беріңіз!» деп талап етуге арандатты.
12Пилат оларға:
13Олар қайтадан айқай салып:
14Пилат:
15Сонда Пилат халықтың көңілінен шыққысы келіп, оларға Бараббаны босатып берді. Ал Исаны қамшымен соқтырғаннан кейін, айқышқа шегелеп іліп өлтіруге жасақшылардың қолдарына тапсырды.
16Жасақшылар Исаны әміршінің ордасы болған сарайдың
17Олар Исаға бір қызыл шапанды
18Мұнан кейін олар: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп Оған сәлем бере бастады.
19Исаның басын таяқпен ұрғылап, бетіне түкіріп, алдына тізе бүгіп тағзым еткенсіді.
20Мазақтап болғаннан кейін Оның үстіндегі қызыл шапанды шешіп алып, өз киімін кигізді.
21Жолшыбай олар даладан қарсы келе жатқан Шимон есімді күренелік
22Осылай жасақшылар Исаны Ғолғота, яғни «Маңдайтөбе»,
23Оған ішуге мүр шөбі қосылған сірке суын
24Жасақшылар Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп тастап, тік көтеріп қойды. Бұдан кейін әрқайсысы өз үлесін алу үшін Оның киімдерін жеребе тастап бөлісті.
25Исаны айқышқа шегелегенде сағат тоғыз болатын.
26Оған тағылған айып «Яһудилердің Патшасы» деп бір тақтайшаға жазылған еді.
27Жасақшылар Исамен бірге екі қарақшыны
28(Киелі жазбада: «Ол қылмыскерлердің қатарында саналды»
29Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап: «Әй, киелі үйді бұзып, үш күнде қайта тұрғызушы!
30Айқыштан түсіп, Өзіңді құтқарып ал!» — деп Оны келеке етті.
31Сол секілді, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері де Оны мазақтап бір-біріне: «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен!
32«Исраилдің Патшасы Мәсіх» қазір-ақ айқыштан түссін! Көзімізбен көрейік, сонда Оған сенеміз», — десті. Жанындағы айқыштарға шегеленген қылмыскерлер де Исаны балағаттап тілдеді.
33Ал тал түсте бүкіл жерді қараңғылық басып, ол үш сағатқа созылды.
34Сағат үште Иса қатты дауыспен айқайлап:
35Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері мұны естігенде: «Қараңдар, Ол Ілиясты
36Біреуі жүгіріп барып, бір сорғышты сірке суына батырып алды. Оны таяқтың ұшына қадап, Исаға ішуге ұсынды да: «Күте тұрайық, Ілияс келіп, Оны түсіріп алар ма екен көрейік!» — деп кекетті.
37Ал Иса қатты дауыстап жіберіп, жан тәсілім етті.
38Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық
39Исаның қарсы алдында тұрған жүзбасы Исаның осылай жан тәсілім еткенін көргенде: «Бұл Адам шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады.
40Сол жерде алысырақтан қарап тұрған әйелдер де болды. Араларында мағдалалық Мәриям, кіші Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям
41Олар Иса Ғалилеяда болған кезінде Оған еріп, қызмет етіп жүретін. Сондай-ақ Онымен бірге Иерусалимге келген басқа да көптеген әйелдер сол жерде тұрды.
42Бұл күн діни демалыс күнінің алдындағы әзірлік күні — жұма болатын. Сондықтан кеш түспес бұрын
43ариматеялық Жүсіп батылдықпен Пилатқа барып, одан Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрады. Жоғарғы кеңестің беделді мүшесі болған Жүсіп Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнауын
44Пилат Исаның сонша тез өліп қалғанына таңданды; жүзбасыны шақырып алып, одан: «Ол өлгелі көп болды ма?» — деп сұрады.
45Жүзбасынан солай екенін біліп алған соң, Пилат мәйітті Жүсіпке бергізді.
46Жүсіп бәтес
47Мағдалалық Мәриям мен Жүсіптің шешесі Мәриям мәйіттің қайда қойылғанына қарап тұрды.