1Таң ата елдің басты діни қызметкерлері мен рубасыларының бәрі Исаны өлтіру туралы кеңесіп, шешім қабылдады.
2Оны байлатып, әмірші Пилатқа алып барып, табыс етті.
3Исаға опасыздық жасаған Яһуда Оның сотталғанын көргенде өзінің істегеніне өкініп, басты діни қызметкерлер мен рубасыларына өздері берген отыз күміс теңгесін қайтарып тұрып:
4— Мен опасыздық жасап күнәға баттым: кінәсіз кісінің қаны төгілмекші! — деді. Олар:
5Содан Яһуда ақшаны киелі үйдің ішіне лақтырып жіберіп, шығып кетті де, барып, асылып өлді.
6Басты діни қызметкерлер күміс теңгелерді жинап алып: «Бұл ақшаны ғибадатхананың қазынасына салуға болмайды, себебі ол төгілетін қанға байланысты», — деді.
7Олар ақылдасып, сол ақшаға құмырашының егіндік жерін сатып алып, оны шетелдіктердің зираты етпек болып шешті.
8Сондықтан осы жер танабы күні бүгінге дейін «Қанды танап» деп аталады.
9Еремия пайғамбардың мына тәрізді алдын ала айтқандары сол кезде жүзеге асты: Олар исраилдіктер Ол үшін белгілеген бағаны, отыз күміс теңгені,
10соған құмырашының егіндік жерін сатып алды. Жаратқан Ие маған осылай айтқан еді.
11Сол уақытта Иса римдік әміршінің алдында тұрған еді. Ол Исаға:
12Басты діни қызметкерлер мен рубасылар Өзін айыптағанда Иса еш жауап бермеді.
13Сонда Пилат Оған:
14Алайда Иса олардың бірде-бір сөзіне жауап қайтармады.
15Мейрамның құрметіне әміршінің халық сұраған бір тұтқынды оларға босатып беретін салты бар еді.
16Сол кезде Барабба есімді, аты шулы бір тұтқын римдіктердің түрмесінде отырған болатын.
17Сонымен яһудилер алаңға
18Яһуди басшыларының Исаны күншілдіктен өзіне ұстап бергендігін әмірші жақсы білетін.
19Бұған қоса, Пилат төрелік тағында отырған осы аралықта оған әйелінің мына сәлемі жетті: «Сол әділ Адамға еш жамандық істей көрме! Мен бүгін түсімде Оған бола қатты азап шегіп, қиналдым».
20Бірақ басты діни қызметкерлер мен рубасылар халық тобырын Пилаттан Бараббаны босатып, Исаны өлтіруді талап етуге көндірді.
21Әмірші қайтадан:
22— Ендеше Мәсіх
23Пилат:
24Енді ештеңе істей алмайтынын, керісінше, халықтың толқуы өршіп бара жатқанын көрген Пилат су алдырып, жұрт алдында қолын жуып тұрып:
25Бүкіл халық:
26Сонда әмірші оларға Бараббаны босатып берді. Ал Исаны қамшымен соқтырғаннан кейін, айқышқа шегелеп іліп өлтіруге жасақшылардың қолдарына тапсырды.
27Содан әміршінің жасақшылары Исаны ордасына алып барып, қасына бүкіл әскер бөлімін жинады.
28Олар Исаның сырт киімін шешіп алып, Оның үстіне бір қызыл шапанды жапты.
29Жасақшылар, сондай-ақ, тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, оны Исаның басына кигізіп, оң қолына асатаяқ
30Бетіне түкіріп, қолындағы таяғын жұлып алып, сонымен Оның басын ұра берді.
31Мазақтап болғаннан кейін Исаның үстіндегі шапанды шешіп алып, өз киімін қайта кигізді.
32Қаладан шыға жолшыбай олар Шимон есімді күренелік
33Осылай олар Ғолғота, яғни «Маңдайтөбе»,
34Сонда Исаға ішуге өт қосылған сірке суын
35Жасақшылар Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп, тік көтеріп қойды. Бұдан кейін Оның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды.
36Содан олар сол жерде отырып, Исаны күзетті.
37Оған тағылған айып: «Бұл — Яһудилердің Патшасы Иса»
38Олар Исамен бірге екі қарақшыны
39Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап:
40«Әй, киелі үйді бұзып, үш күнде қайта тұрғызушы! Өзіңді құтқарып ал! Егер де Құдайдың рухани Ұлы болсаң, айқыштан түс!» — деп Оны келеке етті.
41Сол секілді басты діни қызметкерлер де дін мұғалімдерімен және рубасыларымен бірге Оны мазақтап:
42«Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен! Егер Ол Исраилдің Патшасы болса, Өзінің құдіретімен қазір-ақ айқыштан түссін! Сонда Оған сенеміз.
43Ол Құдайға үмітін артқан екен. Егер Құдай Оған разы болса, қазір-ақ Оны құтқарып алсын!
44Жанындағы айқыштарға шегеленген қарақшылар да Исаны солай тілдеді.
45Тал түстен бастап бүкіл жерді қараңғылық басты, ол үш сағатқа созылды.
46Сағат үш шамасында Иса қатты дауыспен айқайлап:
47Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері мұны естіп: «Ол Ілияс
48Солардың біреуі дереу жүгіріп барып, бір сорғышты сірке суына батырып алды. Оны таяқтың ұшына қадап, Исаға ішуге ұсынды.
49Басқалары: «Күте тұрайық, Ілияс келіп, Оны құтқарып алар ма екен, көрейік!» — деп кекетті.
50Иса тағы бір рет қатты дауыстап жіберіп, жан тапсырды.
51Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық
52қабір үңгірлері ашылды. Марқұм болған көптеген әділдердің
53қабірлерінен шықты. Олар кейінірек, Иса қайта тірілген соң, қасиетті қалаға
54Римдік жүзбасы және онымен бірге Исаны күзетіп тұрғандар жер сілкіністі және болған өзге оқиғалардың бәрін көргенде үрейлері ұшып: «Бұл шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады.
55Сол жерде алысырақтан қарап тұрған көптеген әйелдер де болды. Олар Исаға қызмет етіп, Ғалилеядан еріп келгендер еді.
56Араларында мағдалалық Мәриям және Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям,
57Кеш түспес бұрын Жүсіп есімді ариматеялық бір бай кісі келді. Өзі де Исадан тәлім алған шәкірті еді.
58Жүсіп Пилатқа барып, Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрап алды. Пилат мәйітті оған табыс етуге бұйырды.
59Жүсіп сүйекті түсіріп алып, кіршіксіз таза бәтес кебінге орады.
60Содан оны жартастан үңгіп жасаған өзінің жаңа қабіріне апарып қойды. Бұдан кейін қабірдің дәу қақпақ тасын домалатып әкеліп, қабірдің кіреберіс аузын сонымен мықтап жауып, кетіп қалды.
61Сол жерге келген мағдалалық Мәриям мен өзге Мәриям
62Келесі күні, жұманың ертеңіне басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Пилаттың қасына жиналып,
63былай деді:
64Сондықтан да қабірді үшінші күнге дейін күзетіп, қауіпсіз етуге бұйыра көріңіз. Әйтпесе Оның шәкірттері (түн ішінде) келіп, сүйегін ұрлап алып кетіп, халыққа «өлімнен қайта тірілді» деп жүрулері мүмкін. Сонда соңғы алдау алғашқысынан да бетер болар.
65Пилат:
66Олар барып, мазардың айналасына күзет қойып, қақпақ тасты мөрмен бекітіп тастады.