1Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
2әрі сендердің Менің мысырлықтарға билігімді қалай паш еткенім туралы балаларың мен немерелеріңе әрдайым айтып жүріп, Менің Жаратқан Ие екенімді білулерің.
3Мұса мен Һарон перғауынға тағы да барып, былай деді:
4Егер де жібермесең, ертең-ақ еліңе шегірткелер алып келемін.
5Олар түк көрінбестей етіп жердің бетін жауып алып, сендерде бұршақтан аман қалғанның бәрін жалмап, даладағы барлық ағаштардың жапырақтарын да түк қалдырмай жалмап жеп қояды.
6Өз сарайларың да, бүкіл нөкерлеріңнің және барлық мысырлықтардың үйлері де шегірткелерге толып кетеді. Мұндайды сенің ата-бабаларың осы жерге келіп қоныстанғаннан бері бүгінгі күнге дейін ешқашан көрген емес». — Мұса осыны айтысымен бұрылып, перғауынның қасынан шығып кетті.
7Сонда перғауынның нөкерлері одан:
8Содан Мұса мен Һарон қайтадан перғауынға әкелінді. Перғауын:
9Мұса:
10— Мен сендерді бала-шағаларыңмен бірге жіберетін болсам, Жаратқан Иелерің сендерге жар болсын! Сендердің ниеттерің қара, бұл айқын көрініп тұр.
11Жоқ, солай бола қоймас! Тек еркектерің ғана барып, Жаратқан Иеге ғибадат етсін! Сұрағандарың да сол емес пе еді? — Осылай деп, перғауын Мұса мен Һаронды қасынан қуып шықты.
12Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
13Содан Мұса қолындағы таяғын Мысырдың жерінің үстіне қарай созды. Жаратқан Ие елге сол күні бір тәулік бойы шығыс жақтан жел соқтырды. Таң атқанда шығыстан соққан жел шегірткелерді жеткізді.
14Олар бүкіл Мысырға лап қойып, сансыз үйірлерімен елдің түкпір-түкпіріне дейін басып алды. Бұған дейін мұндай қаптаған шегірткелер болған да емес, бұдан кейін де болмайды.
15Шегірткелер жердің бетін түк көрсетпей қап-қара қылып жауып тастады да, бұршақтан аман қалған дала өсімдіктері мен ағаш жемістерін жалмап қойды. Бүкіл Мысыр еліндегі ағаштар мен өсімдіктердің көк жапырақтары мен сабақтарынан ештеңе қалмады.
16Сонда перғауын тездетіп Мұса мен Һаронды шақырып алып, олардан:
17Ал енді күнәмді тағы бір жолға кешіріңіздер. Құдайларыңыз Жаратқан Ие бұл жойқын жазаны менен алып кете көрсін деп Оған сиыныңыздар, — деп өтінді.
18Перғауыннан шығысымен Мұса Жаратқан Иеге сиынып мінажат етті.
19Содан Жаратқан Ие желдің бағытын өзгертіп, батыстан ерен күшті дауыл соқтырды. Дауыл күллі шегіртке атаулыны көтеріп алып, Қамысты теңізге
20Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Исраил халқын жібермей қойды.
21Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
22Мұса қолын аспанға қарай созғанда, барлық Мысыр елін үш күн бойы қара түнек басты.
23Адамдар бір-бірін көре алмай, үш тәулік бойы ешкім отырған орнынан тұрмады. Ал Исраилдің үрім-бұтағының мекендерінде жарық болды.
24Перғауын Мұсаны шақырып алып:
25Ал Мұса:
26Малдарымыз өзімізбен бірге жүрсін, бір тұяқты да қалдырмаймыз. Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап шалатын құрбандықтарды солардың ішінен аламыз. Қандай малдарды құрбандыққа шалатынымызды тек баратын жерімізге жеткенде ғана білеміз.
27Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып қойды. Ол исраилдіктерді жібергісі келмей,
28Мұсаға:
29Сонда Мұса: