1Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:
2— Исраил үрім-бұтағының тұңғыш туғандарының бәрін:
3Мұса халыққа былай деді:
4Бүгін, абиб
5Жаратқан Ие сендерді ата-бабаларыңа уәде еткен елге: қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, хевтіктер және ебустіктер тұрып жатқан, ағы мен балы ағыл-тегіл жерге бастап алып барады. Сонда осы рәсімді былай ұстануларың керек:
6жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер, әрі жетінші күні Жаратқан Иеге арнап мейрам өткізіңдер.
7Осы жеті күн бойы ашымаған нан жеулерің қажет. Не өздеріңнен, не тұрып жатқан маңайларыңнан сол күндері ашыған нан мен басқа да ашытқымен дайындалған тағам атаулы табылмауға тиіс.
8Сол күні балаларыңа былай деп түсіндіріңдер:
9Бұл әдет қолдарыңа салынған белгіге, көз алдарыңдағы
10Осы ережені жыл сайын белгіленген уақытта орындайтын болыңдар!
11Жаратқан Ие өздеріңе және ата-бабаларыңа антпен уәде еткендей сендерді Қанахан жеріне алып барып, оны өздеріңе табыстап бергеннен кейін,
12сендер құрсақтан шыққан тұңғыштарды Жаратқан Иеге бағыштаңдар! Қолдағы бар малдың тұңғыш туған еркек төлдерін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалыңдар.
13Есектің тұңғыш төлінің орнына бір тоқтыны
14Болашақта балаларың сендерден: «Бұның мағынасы қандай?» деп сұраса, оларға мынаны айтыңдар: «Жаратқан Ие бізді құлдықтың құрсауы — Мысырдан
15Перғауын қырсығып бізді жіберуден бас тартқанда, Жаратқан Ие Мысырдағы тұңғыш атаулыны — адамдардың тұңғыш ұлдарынан бастап малдардың тұңғыш еркек төлдеріне дейін өлтірді.
16Осылайша бұл әдет қолдарыңа салынған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын. Содан ол Жаратқан Иенің бізді Өзінің құдіретті қолымен Мысырдан алып шыққанын естеріңе түсірмек.
17Перғауын халықты жібергеннен кейін, філістірлердің елі арқылы жол қысқарақ болса да, Құдай оларды сол жолмен бастап алып жүрмеді. Себебі Құдай былай деді: «Халық соғысқа душар болып қалса, олар алған беттерінен бас тартып, Мысырға қайта оралып жүрер».
18Сондықтан Құдай халықты Қамысты теңізге
19Ал Мұса пайғамбар Жүсіптің сүйегін де бірге ала шықты. Жүсіп өлер алдында Исраилдің ұрпақтарынан ант алып: «Құдай рақымын түсіріп, сендерді осы жерден алып шығатын болады. Сол кезде менің сүйегімді де өздеріңмен бірге ала кетіңдер!»
20Сонымен халық Соқоттан шығып, айдаланың шет жағындағы Етамға барып, қоныстанды.
21Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды.
22Жаратқан Ие не күндіз бағана тәрізді бұлтты, не түнде жалындаған от бағанасын халықтың көз алдынан ажыратпай, әрдайым бірге жүргізді.