1Мұсаның қайын атасы, Мадиян еліндегі діни қызметкер Етор Құдайдың Мұса және оның халқы үшін істегендерінің бәрі туралы түгел естіп білді. Ол, әсіресе, Жаратқан Иенің исраилдіктерді Мысырдан құтқарып алып шыққаны жөнінде хабар алған еді.
2Мұса әйелі Сипораны қайын жұртына қайтарып жіберген кезде
3Тұңғыш ұлын Мұса Гершом (яғни «Сол жерде кірме») деп атап, «Мен жат жерде кірме болдым», — деген еді.
4Екіншісінің атын — Елиезер («Қолдаушым — Құдай») деп атап, «Әкемнің сиынған Құдайы Қолдаушым болып, мені перғауынның семсерінен қорғап қалды», — деп бекіткен еді.
5Енді Мұсаның әйелі мен ұлдарын ерткен қайын атасы айдалада Құдай тауының беткейінде
6былай деп хабар жіберді: «Мен, қайын атаң Етор, әйелің, екі ұлыңмен саған келе жатырмыз».
7Мұса қайын атасының алдынан шығып, бас иіп тағзым етіп, бетінен сүйді. Аман-саулық сұрасқаннан кейін олар шатыр ішіне кірді.
8Мұса қайын атасына Жаратқан Иенің Исраилдің игілігі үшін перғауынға және мысырлықтарға істегендерінің бәрін айтып берді. Оған, сондай-ақ, халықтың жолшыбай көрген алуан түрлі ауыртпалықтарын және Жаратқан Иенің олардан құтқарғаны жайлы түгелдей баяндап берді.
9Етор Жаратқан Иенің Исраилді мысырлықтардың зорлық-зомбылығынан құтқарғанына және оған жасаған бүкіл жақсылықтарына қатты қуанып:
10«Жаратқан Ие мадақталсын, Ол сендерді перғауынның қолынан құтқарған, өз халқын Мысырдың қаналуынан босатқан!
11Енді мен нық білемін: Жаратқан Ие барлық тәңір атаулыдан ұлы! Олар Исраилге қарсы
12Етор құрбандыққа мал шалып, бірқатарын Құдайға арнап түгелдей өртеп жіберді. Һарон және Исраилдің күллі рубасылары да келіп, Мұсаның қайын атасымен Құдай алдында құрбандық асынан жеді.
13Келесі күні Мұса халыққа төрелік ету үшін арнайы орнына отырды. Таң атқаннан кешке дейін оның алды босамады.
14Мұсаның халық үшін істегендерінің бәрін көрген қайын атасы оған:
15Мұса оған:
16Екі кісі бір-бірімен дауласса, маған келеді. Мен оларға Құдайдың ережелері мен заңдарын
17Ал қайын атасы:
18Өзіңді де, жаныңдағы халқыңды да қажытасың. Бұл іс саған өте қиын, жалғыз өзің мұны орындай алмайсың.
19Сол үшін де сөздеріме құлақ сал, саған ақыл-кеңес берейін, Құдай өзіңе жар болсын! Сен халқыңның Құдай алдында тұратын өкілі
20Еліңе Құдайдың ережелері мен заңдарын үйретіп, олардың жүруге тиісті тура жолын және атқаруға тиісті міндеттерін нұсқа.
21Сонымен қатар бүкіл халықтың арасынан қабілетті бірсыпыра адамды таңдап ал. Олар Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын адал, әрі арам табыстан бойын аулақ ұстайтын болулары қажет. Солар мың, жүз, елу және он адамға басшылық жасап,
22әрдайым халыққа төрелік етсін. Осы төрешілер бүкіл күрделі мәселелерді саған жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырсын. Сонда олар міндетіңнің жүгін бірге көтерісіп, саған жеңілірек болады.
23Егер осыны істесең және Құдай бұйыртса, сен міндетіңнің қиындығына төтеп беріп, бұл халық та аманшылықпен жөндеріне кетеді.
24Мұса қайын атасының ақылын қабыл алып, айтқандарын түгел орындады.
25Ол бүкіл Исраил қауымынан қабілетті адамдарды таңдап, оларды мың, жүз, елу және он адамға басшылық етуге тағайындады.
26Осы адамдар әрдайым халыққа төрелік етіп, күрделі мәселелерді Мұсаға жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырды.
27Мұнан кейін Мұса қайын атасын жолға шығарып салып, ол еліне қайтып кетті.