1Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты:
2
3Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!
4Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!
5Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін.
6ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына
7Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!
8Демалыс күнін
9Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,
10ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер!
11Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.
12Ата-анаңды сыйла!
13Кісі өлтірме!
14Неке адалдығын бұзба!
15Ұрлық жасама!
16Ешкімді бекерге айыптама!
17Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!
18Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Содан олар зәрелері ұша дірілдеп кетті. Халық алыстан тұрып,
19Мұсадан:
20Мұса халыққа:
21Содан халық алыста қалып, ал Мұса Құдай тұрған қою қараңғылыққа қарай беттеді.
22Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
23Алтын-күмістен тәңір бейнелерін жасап алып, Менімен қатар қоймаңдар!
24Маған арнап топырақтан құрбандық орнын салыңдар. Ұсақ әрі мүйізді ірі қара малдарыңнан құрбандық шалып, кейбіреулерін құрбандық орнының үстінде тұтасымен өртеп Маған ұсыныңдар. Ризашылық құрбандықтарының белгілі бөліктерін де соның үстінде өртеп ұсыныңдар.
25Егер Маған арнап құрбандық орнын тастардан қаластырып салсаң, тастары қашалмаған болсын. Себебі егер қашауды қолдансаң, оны арамдайсың.
26Сондай-ақ жалаңаш тәнің көрінбес үшін құрбандық орныма баспалдақпен көтерілме.