1Құр лақап таратпа!
2Көпшілікке еріп те зұлымдық жасама! Даулы мәселеге куәлік келтіргенде көпшіліктің ықпалымен шындықты бұрмалама!
3Кедейдің де қисық ісін дауда қолдама!
4
6Араларыңдағы мұқтаж адамның даулы мәселесін теріс шешпе!
7Әділетсіз айыптаудан аулақ жүр; кінәсізді әрі әділді өлімге бұйырма! Мен зұлымдық жасағанды ақтамаймын.
8Пара алма! Себебі пара көрегеннің көзін соқыр қылады, әрі әділдің сөзін бұрмалайды.
9Жат жұрттық адамға зорлық-зомбылық жасамаңдар! Жат жұрттық көңіл күйін жақсы ұғасыңдар, өйткені өздерің Мысыр елінде жат жұрттық болып тұрдыңдар емес пе?!
10Алты жыл бойы жеріңе егін егіп, өнімін жина,
11ал жетінші жылы оны өңдемей, тынықтыр! Халқыңның мұқтаждары содан шыққан өніммен күндерін көріп, одан қалғандарымен даланың аң-құстары қоректенсін. Жүзімдігіңмен және зәйтүн бақтарыңмен де солай істе.
12Алты күн жұмысыңды істеп, жетінші күні демал! Сонда өгізің мен есегің тынығып, қызметшілерің де, жат жұрттық адамдарың да демалсын.
13Өздеріңе айтқандарымның бәрін де орындаңдар!
14Маған арнап жылына үш мейрам өткізіңдер:
15Жыл сайын Ашымаған нан мейрамын тойлаңдар! Өзім бұйырғандай, жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Мұны (көктемнің) абиб айының белгіленген мезгілінде өткізіңдер, себебі Мысырдан сол айда көшіп шыққан едіңдер.
16Далаға еккендеріңнің бастапқы өнімдерін жинағанда Алғашқы өнім мейрамын
17Барлық ер адамдарың жылына үш рет Жаратушы Тәңір Иенің алдына келуге тиіс.
18Маған арналған құрбандықтың қанын ашытқымен дайындалған тамаққа құйып ұсынбаңдар!
19Жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсыларын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!
20Тәңір Ие тағы былай деді:
21Оны ренжітуден сақ болып, айтқандарына құлақ асып, оған қарсы қасарыспаңдар! Ол Менің атымнан әрекет ететіндіктен бас көтерулеріңді кешірмейді.
22Ал егер оның тілін алып, Менің айтқандарымның бәрін орындасаңдар, онда Мен жауларыңның жауы болып, сендерге қарсы шыққандарға қарсы шығамын.
23Менің періштем алдарыңнан жүріп отырып, сендерді аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, қанахандықтар, хевтіктер және ебустіктердің қоныстанған жеріне алып барады, ал Мен соларды құртамын.
24Олардың тәңірлеріне табынбаңдар, әрі істегендеріне еліктемеңдер! Қайта, олардың тәңір мүсіндерін талқандап, тас бағаналарын қиратыңдар.
25Құдайларың Жаратқан Иеге қызмет етіңдер, сонда Ол нан-суларыңды жарылқап, мынадай уәде береді: Мен араларыңнан ауру-сырқау атаулыны қуамын.
26Елдеріңде не түсік тастайтын, не құрсақ көтермейтін әйел заты әрі аналық мал болмайды. Мен сендерге толық мерзімді өмір сыйлаймын.
27(Уәделі елге бет алған жолдарыңда) Мен алдарыңнан үрей тудырып, сендер тап болған әрбір халықты әбігерге түсіріп, барлық жауларыңды кері қашуға мәжбүрлеймін.
28Мен алдарыңнан хевтіктер, қанахандықтар және хеттіктердің зәрелерін ұшыратын қорқынышты
29Алайда жер елсіз қалып, далада сендерге зиян келтіретін аң-құстар көбейіп кетпес үшін Мен сол тайпаларды бір-ақ жылда қуып шықпаймын.
30Сендер өсіп-өніп, сол елді иемденіп алғанша оларды алдарыңнан біртіндеп қуып шығып отырамын.
31Қамысты теңізден
32Солармен де, олардың табынатын тәңірлерімен де ымыраласпаңдар!
33Сендерді Маған қарсы күнәға батырмас үшін олар елдеріңде бірге тұрмауға тиіс. Әйтпесе солардың тәңірлеріне құлшылық етіп, күнәнің торына түсесіңдер.