1Һаронды және оның ұлдарын Менің қызметіме бағыштау үшін мыналарды орындауға тиіссің:
2Таңдаулы бидай ұнынан ашымаған нан, май қосылған ашымаған пәтір нан және май жағылған ашымаған құймақтар
3бәрін бір себетке салдырт. Бұқа мен екі қошқарды және себеттегі нандарды Маған алып келіп ұсын.
4Һарон мен ұлдарын Менімен кездесетін шатырдың кіреберісіне алып келіп, оларды тазару рәсімінен
5Арнайы киімдерді алып, Һаронға ұзын көйлек, сырт көйлек, жеңсіз сырт киім кигізіп, кеуде қалтаны таққыз да, жеңсіз сырт киімін кестеленіп тоқылған белбеумен байлат.
6Басына сәлдені кигізіп, Құдайға бағышталғандығын белгілейтін алтын тақташаны маңдай жағына бекітіп байла.
7Арнайы майды алып, оның басына құйып жақ.
8Бұдан кейін Һаронның ұлдарын да алдыртып, оларға ұзын көйлектері
9мен баскиімдерін кигізіп, белбеулерін
10жас бұқаны кездесу шатырының алдына алдырт. Һарон мен ұлдары бұқаның басына қолдарын қойсын.
11Бұдан кейін бұқаны кездесу шатырының кіреберісінің жанында, Жаратқан Иенің алдында құрбандыққа шалып,
12оның біразырақ қанын саусағыңмен құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына жағып, қалған қанның бәрін үстелдің түбіне төк.
13Бұқаның шарбы майын, бауырының үстіндегі көк етін әрі қос бүйрегін майларымен бірге алып, құрбандық үстелінің үстінде өртеп жібер.
14Ал бұқаның етін, терісі мен жынын ел қонысының сыртына шығарып, өртеткіз. Себебі бұл — күнәнің құнын өтейтін құрбандық.
15Мұнан кейін екі қошқардың бірін алдырт, Һарон мен ұлдары оның басына қолдарын қойсын.
16Қошқарды құрбандыққа шалып, қанын алып, құрбандық үстелінің барлық жағына шаш.
17Қошқарды мүшелеп бөл. Ішек-қарнын, сирақтарын жуып, оларды басы мен мүшеленген бөліктерінің үстіне қой.
18Осылай қошқарды толығымен құрбандық үстелінің үстінде түтетіп өртеп жібер. Осы түгелдей өртелген құрбандық — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту.
19Бұдан кейін екінші қошқарды алдырт. Һарон мен ұлдары оның басына да қолдарын қойсын.
20Қошқарды құрбандыққа шалып, оның біразырақ қанын алып, соны Һарон мен ұлдарының оң құлақтарының сырғалықтарына, оң қолдарының бас бармақтарына, оң аяқтарының үлкен башайларына жақ та,
21Сол қаннан және жағу рәсіміне арналған майдан біразырақ алып, Һарон мен ұлдарының өздеріне және үстеріндегі киімдеріне бүрік. Сонда өздері де, киімдері де Құдайдың қызметіне толықтай бағышталған болады.
22Осы қошқардың бүкіл майларын ал: майлы құйрығын, шарбы майын, бауырының үстіндегі көк етін, қос бүйрегін майларымен бірге әрі оң жақ сан етін. Себебі ол — діни қызметкерлерді тағайындау рәсіміне арналған қошқар.
23Жаратқан Иеге ұсынылған себеттен
24Мұның бәрін Һарон мен ұлдарының қолдарына беріп, әрі-бері тербеп Жаратқан Иеге ұсыныңдар.
25Содан кейін осы тартулардың бәрін олардың қолдарынан алып, құрбандық үстелінің үстінде түгелдей өртелген құрбандыққа
26Һаронның қызметіне тағайындалуына арнап шалынған қошқардың төсін алып кел де, оны Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсын. Ол сенің үлесің болмақ.
27Сол құрбандық қошқарының Һарон мен ұлдарына арналған үлестерін өздеріне табыста: жоғары көтеріліп, Тәңір Иеге ұсынылған оң жақ сан етін және тербетіліп ұсынылған төс етін.
28Исраилдіктердің Һарон мен ұлдарына ұдайы беретін тұрақты сыбағасы осы болмақ. Өйткені бұл — исраилдіктердің Жаратқан Иемен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарынан Оған бағыштауға
29Һаронның арнайы киімдері өзінен кейін келер ұрпақтарына аманатталсын, сонда олар соларды киіп, Құдайға бағышталып, қызметтеріне тағайындала алады:
30Һаронның ізбасары болып киелі орында қызмет ететін ұрпағы
31Һаронның қызметіне тағайындалу рәсіміне байланысты шалынған қошқардың төсі мен қол етін алып, арнайы орында асып пісірт.
32Һарон мен оның ұлдары қошқардың осы етін және себеттегі нандарды кездесу шатырының кіреберісінің алдында
33Олар Құдайға бағышталып, қызметтеріне тағайындалған кездерінде күнәнің арамдығынан тазару үшін ұсынылған осы құрбандықтардың етін және тартуларды тек өздері ғана жесін, басқа ешкімнің де олардан жеуіне болмайды. Өйткені сол тағамдар Тәңір Иеге арналған.
34Тағайындалу рәсіміне байланысты шалынған қошқар еті мен нандардан таң атқанша артылып қалғандары болса, өртеп жібер. Себебі Тәңір Иеге бағышталған сол тағамдарды енді жеуге болмайды.
35Һаронға және оның ұлдарына Мен өзіңе бұйырған осы рәсімдердің бәрін орында: жеті күн бойы олардың қолдарын тағайындалуларына байланысты Тәңір Иеге ұсынылған құрбандықтар мен сый-тартуларға толтыр.
36Әр күн сайын күнәнің құнын өтеу үшін бір жас бұқадан құрбандыққа шал. Құрбандық үстелін күнәнің арамдығынан тазарту үшін оның үстінде күнәнің құнын өтеуге шалынған құрбандықтарды өртеп жіберіп, үстелге арнайы май жағып, оны Тәңір Иеге бағышта.
37Жеті күн бойы құрбандық үстелін осылайша күнәнің арамдығынан тазартып, оны Тәңір Иеге арна. Сонда құрбандық үстелі Тәңір Иеге түгелдей бағышталып, ерекше киелі болады. Үстелдің үстіне қойылған не оған жанасқандардың бәрі де Тәңір Иеге бағышталып, Оның меншігіне айналады.
38Тұрақты түрде күн сайын құрбандық үстелінің үстінде өртеліп ұсынылатындар мыналар: бір жастағы екі тоқты;
39біреуі таңертең, екіншісі кешке шалынып, өртеліп ұсынылсын.
40Бірінші тоқтыға қоса үш қадақ
41Екінші тоқтыны ымырт жабыла құрбандыққа шал. Оған қоса таңертеңгідей астық және сұйық тартуларын да ұсын. Олар Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған, хош иісті де ұнамды сый-тартулар болмақ.
42Бұл — келер ұрпақтарыңның да күн сайын шалып, өртеу арқылы жасауға тиісті құрбандығы. Оны Жаратқан Иенің алдында, кездесу шатырының кіреберісінің жанында ұсыныңдар. Осы жерде Мен сенімен кездесіп,
43Мен Исраил халқымен де осында кездесіп, бұл жерді ұлы салтанатыммен
44Осылайша Мен кездесу шатыры мен құрбандық үстелін де, Һарон мен ұлдарын да Өзіме қызмет етуге бағыштап,
45Исраилдің үрім-бұтағының арасында тұрып, олардың Құдайы боламын.
46Сонда олар өздерінің Құдайы Жаратқан Ие Мен екенімді түсініп, араларында тұру үшін оларды Мысырдан алып шыққанымды білетін болады. Мен олардың Құдайы Жаратқан Иемін.