1Мұса қайын атасы — мадияндық діни қызметкер Етордың
2Сол жерде оған Жаратқан Иенің періштесі бір тікенді бұтаның ортасынан жалындап жанған от ішінен аян берді. Мұса бұтаның от болып жалындап тұрғанымен өртеніп кетпегенін байқаған еді.
3Сонда ол іштей: «Мынау қызық көрініс екен, сол жерге жақынырақ барып, бұтаның неліктен өртеніп кетпей жатқанын қарайыншы», — деп ойлады.
4Жаратқан Ие Мұсаның қарау үшін жақындап келгенін көрді. Содан Құдай бұта арасынан оған:
5Құдай:
6— Мен әкеңнің Құдайымын әрі Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын, — деді.
7Жаратқан Ие:
8Сондықтан Мен халқымды мысырлықтардың қолынан азат ету үшін көктен түстім. Оларды Мысырдан алып шығып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған елге бастап алып барамын. Сол елдің жері шұрайлы, кең-байтақ, ағы мен балы ағыл-тегіл мол.
9Енді мынаны біліп қой: исраилдіктердің қинала айқайлаған дауыстары құлағыма жетіп, Мен мысырлықтардың оларды аяусыз қанағандарын көріп тұрмын.
10Кәне, жүр, Мен сені перғауынға жіберемін. Сен халқым Исраилді Мысырдан бастап алып шығасың! — деп бұйырды.
11Ал Мұса Құдайға:
12Құдай:
13Ал Мұса Құдайға:
14Құдай оған былай деп жауап қатты:
15Құдай сөзін жалғап тағы былай деді: — Исраилдіктерге мынаны да айт: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие
16Бар да, Исраилдің рубасыларын жинап алып, оларға былай де: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие маған аян беріп, мынаны айтты: Мен сендерді назарымда ұстап келемін, Мысыр елінде көрген жәбірлеріңді түгел білемін.
17Сендерді Мысырдың езгісінен құтқарып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған, ағы мен балы ағыл-тегіл елге алып баруға уәде бердім».
18Сонда Исраилдің рубасылары сенің айтқандарыңа ден қоятын болады. Мұнан кейін оларды ертіп, Мысыр патшасының алдына бар. Оған былай деңдер: «Біз, исраилдіктер, сиынатын Құдайымыз — Жаратқан Ие бізге аян берді. Енді үш күндік жердегі айдалаға барып, Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалуға бізге рұқсат етіңіз».
19Алайда құдіретті күш көндірмесе, Мысыр патшасының сендерді жібермейтінін білемін.
20Сондықтан Мен Мысырға құдіретті қолымды созып, оны керемет істеріммен ойрандаймын. Содан кейін ғана перғауын сендерді қоя бермек.
21Ал Мен мысырлықтарды халқыңа оң көзбен қаратамын, кеткен кездеріңде құр қол аттандырмаймын.
22Араларыңдағы әрбір әйел көршілес және бірге тұрған мысырлық әйелдерден алтын-күміс бұйымдар мен әсем киімдерді сұрап алсын. Бұларды ұл-қыздарыңа сәндеп кигізіңдер, осылайша мысырлықтардың байлығын олжалайтын боласыңдар.