1Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып, былай деп бұйырды: «Өзің және Мысырдан бастап алып шыққан халқың бұл жерді тастап, әрі қарай жүріңдер! Мен «өз ұрпақтарыңа табыстаймын» деп Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа уәде еткен елге көшіп барыңдар.
2Сенің алдыңда жүріп отыратын періштені жіберемін, әрі қанахандықтар, аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді сол елден қуып шығамын.
3Періштем сендерді ағы мен балы ағыл-тегіл сол жерге бастап алып барады. Бірақ Өзім араларыңда жүріп бірге бармаймын. Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар, сондықтан сендерді жолшыбай қырып тастауым қажет болар еді».
4Мұндай қатты сөздерді естіген халық зар еңіреп, ешқайсысы да әшекейлерін тақпады.
5Себебі Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырған болатын: «Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар. Мен араларыңда бір-ақ сәт бірге жүретін болсам, сендерді жоқ қылуым қажет болар еді. Қазір әшекейлеріңді шешіп тастаңдар. Ал Мен сендермен не істеуді ұйғарамын».
6Сондықтан исраилдіктер Хориб тауында
7Ал Мұса (бұдан былай) ел қонысынан тыс,
8Мұса кездесу шатырына беттеген сайын, бүкіл халық үйлерінің есіктерінің алдынан ол шатырға кіріп кеткенге дейін артынан қарап тұратын.
9Мұса шатырға кіргенде, бұлт бағанасы төмен түсіп, шатыр алдына орналасатын. Сол кезде Жаратқан Ие Мұсамен тілдесетін.
10Бұлт бағанасын шатыр есігінің алдынан көрісімен-ақ, күллі халық орындарынан көтеріліп, әркім өз шатырының кіреберісінен Құдайға иіліп ғибадат ететін.
11Жаратқан Ие Мұсамен адамның жақын досымен бетпе-бет сөйлескеніндей сөйлесетін.
12Бірде Мұса Жаратқан Иеге жалбарына тіл қатып:
13Егер де маған риза болсаң, (бізді жүргізетін) өз жолдарыңды білдіре гөр. Сонда мен Өзіңмен тығыз байланыста тұрамын, келешекте де Сенің рақымың маған түсетін болады.
14Жаратқан Ие:
15Сонда Мұса былай деп өтінді:
16Маған және өз халқыңа Сенің рақымыңның түсіп тұрғанын қайдан біле аламыз? Өзіңнің бізбен бірге жүргеніңнен емес пе? Мені және халқыңды жер бетіндегі басқа күллі халықтардан ерекше қылып ажырататын соның өзі ғой.
17Жаратқан Ие оған:
18Сонда Мұса:
19Жаратқан Ие оған былай деп жауап қайтарды:
20Бірақ бет-жүзімді көруіңе болмайды, өйткені оны көрген пенде тірі қалмайды. —
21Бұдан кейін Жаратқан Ие сөзін жалғастырып былай деді: — Алайда, міне, қасымда бір орын бар: мына жартаста тұр.
22Менің нұрлы салтанатым жаныңнан өтіп бара жатқан кезде сені жартастың жарығына тұрғызып,
23Содан кейін қолымды аламын, сонда Мені ту сыртымнан көре аласың. Ал бет-жүзімді ешкімнің көруіне болмайды.