1Сол кездері халықтың көп адамдары әйелдерімен бірге ауқатты яһуди ұлттастарының үстінен шағымданып айқай салды.
2Кейбіреулері:
3тағы біреулері:
4Патшаның алым-салығын төлеу үшін де егістіктер мен жүзімдіктерімізді несие берушілерге кепілдікке табыстауға мәжбүр болдық.
5Ата-тегіміз солардікі сияқты біз де яһудилерміз, балаларымыз да олардікінен еш кем емес! Әйтсе де біз ұл-қыздарымызды оларға басыбайлы қызметшілікке сатуға мәжбүрміз. Кейбір қыздарымыз қазірдің өзінде солардың уысында! Бірақ істейтін шарамыз жоқ, өйткені егістіктеріміз бен жүзімдіктеріміз басқалардың иелігінде!
6Олардың осылай шағымданып айқайлағандарын естігенде қатты ашуландым.
7Мен сол туралы біраз ойланып-толғанғаннан кейін жетекшілер мен қызметкерлерді сөгіп, оларға:
8Жиналыста ауқаттыларға былай дедім:
9Мен оларға тағы былай да дедім:
10Мен өзім де, ағайындарым мен қызметшілерім де оларға қарызға күміс және астық беріп келеміз. Бұдан былай өсім алу дегенді қояйық!
11Сонымен қатар сендер қазір, бүгін-ақ, оларға егістіктері мен жүзімдіктерін, зәйтүн бақтары мен үй-жайларын қайтарып беріңдер! Сондай-ақ, қарызға берген күмістеріңнен, астық, жүзім шырыны және зәйтүн майларыңнан өсім ретінде алған жүзден бір бөлікті де өздеріне қайтарып беріңдер! —
12Олар:
13Мен шапанымның өңірін олардың көзінше қағып: «Өзінің уәдесінде тұрмайтын адамды Құдай да осылай өз үй-жайынан қақсын! Иә, сондай адам дәл осылай қағылып, түгі қалмасын!» — деп нық айттым. Бұған бүкіл жиналған жамағат: «Аумин!» — деп келісіп, Жаратқан Иені мадақтады. Бұдан былай халық берген сөзіне сәйкес әрекет ететін болды.
14Яһуда елінің әкімі болып тағайындалған уақытымнан, яғни Артақсерікс патшаның билік құрған жиырмасыншы жылынан бастап, отыз екінші жылына дейінгі он екі жыл бойы, менің өзім де, ағайындарым да әміршіге халықтан тиесілі азық-түлікпен тамақтанған жоқпыз.
15Менен бұрын болған аймақ әміршілері халыққа алым-салықтың ауыр жүгін артқан еді. Олардан қырық мысқал күміс болатын салықтың үстіне тағы астық пен шарап талап ететін. Олардың қызметкерлері де халыққа үстемдік жасап, қанаушылықпен айналысты. Бірақ мен Құдайды терең қастерлейтіндіктен бұндай іс-әрекетпен шұғылданбадым.
16Қайта, мен қала қабырғасын салуды қолдадым. Өзіме ешбір егістік жер сатып алмадым. Барлық қызметші жігіттерім қабырға басында жиналып, жұмысқа қатысты.
17Айналамыздағы халықтардан келген қонақтарды санамағанда, мен жүз елу яһуди елдестерім мен қызметкерлерді өз дастарқанымнан тамақтандырып жүрдім.
18Бір күннің тамағына бір өгіз бен таңдаулы алты қой-ешкі әрі бірнеше құс сойылып, дайындалатын. Он күнде бір рет әр түрлі ашытылған сусындардан да тұрағыма молынан әкелінетін. Осының бәріне қарамастан мен аймақ әміршісі ретінде маған тиесілі азық-түлікті елдің халқынан талап етпедім. Өйткені олардың мойнындағы жүк онсыз да ауыр болатын.
19«Уа, Құдайым, осы халыққа жасаған қызметімді менің игілігіме ескере гөр!»