1Санбаллат, Тобиях, арабиялық Гешем
2Сондықтан Санбаллат пен Гешем маған кісі жіберіп:
3Мен оларға хабаршыларымды жіберіп:
4Олар маған дәл солай төрт рет кісілерін жіберіп, мен де оларға сол жауабымды соншама рет қайтардым.
5Санбаллат маған осылайша бесінші рет қызметшісін жібергенде соның қолында мөрленбеген ашық хаты болды.
6Хатта былай деп жазылған екен: «Айналадағы халықтардың арасында қауесет тарап жатыр. Гешем
7Мұнан басқа сіз өзіңіз жайлы «Яһуданың өз патшасы бар!» деп жариялауға Иерусалимде пайғамбарларды да тағайындап қойыпсыз. Ал енді, бұл сөздер (Артақсерікс) патшаның
8Ал мен оған: «Сіздің айтқандарыңыздың ешқайсысы да істелініп жатқан жоқ! Оларды ойлап шығарған — өзіңіз!» — деген жауап жібердім.
9Сол адамдар бізді қорқытуға тырысып: «Олардың қолдары әлсіреп, жұмысты тоқтатып қоятын болады», — десті. Бірақ мен: «Қолдап, қайрат-жігер бере гөр!» — деп мінажат еттім.
10Кейінірек мен Мехетабелдің немересі Делаях ұлы Шемаяхқа соқтым. Сол адам үйін ішінен бекітіп алған екен. Шемаях мені:
11Бірақ мен оған:
12Шемаяхты жіберген Құдай емес екенін мен жақсы ұққан едім. Керісінше, Тобиях пен Санбаллат пара беріп жалдап алғандықтан, Шемаях мен туралы осындай жалған пайғамбарлық сөз айтты.
13Ондағы мақсаттары мені қорқытып, маған күнә жасату болды. Егер де солай істесем, дұшпандарым мені жамандап, кінәлауға сылтау тапқан болар еді.
14«Уа, Құдайым, Тобиях пен Санбаллаттың істеген осы іс-әрекеттерін есіңнен шығара көрме! Сондай-ақ, пайғамбар әйел Ноғадияның және мені үрейлендірмек болған тағы басқа пайғамбарлардың да істегендерін есіңде сақтай гөр!»
15Осылайша қабырғаны нығайтып қалпына келтіру жұмыстары елул айының жиырма бесінде,
16Күллі дұшпандарымыз бұл туралы естіп, айналамыздағы халықтардың бәрі қорқып, түңілді.
17Сол күндері Яһуданың жетекшілері Тобияхқа көптеп хат жолдап, оның хаттары да бұларға келіп жатты.
18Яһудадағы көптеген адам оған ант беріп сөз байласқан еді. Өзі Арах ұлы Шеханияхтың күйеу баласы болып, ал ұлы Жоханан Барақиях ұлы Мешуламның
19Сол яһудилер Тобияхты менің алдымда мақтап, айтқандарымды оған жеткізіп жүрді. Ал Тобиях мені қорқыту үшін маған хаттарын жіберіп отырды.